Басты бет Рухани жаңғыру ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ

Комментарии к записи ҰЛТТЫҚ РУХЫМЫЗ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ отключены
17

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» — дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Яғни адамзаттың бастауы бесікте жатыр. Дүниеге келген шарананы бесік жырымен әлдилеп, құлағына әуезді үнді сіңіріп, тәрбиелеген ұлтпыз. Осы тұста Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының қаншалықты қажеттігін түсіну қиын емес. Жүрегіміз беріштеніп, қатуланып, нарықтың заңына ілесеміз деп жүргенде рухани жан дүниеміздің жұтаңдап қалғанына қамыққаннан туындаған бағдарлама деп түсіндім өз басым. Мәдениет саласының бір пұшпағын илеп жүргендіктен, әрине, ең алдымен ұлттық құндылықтарымыз, ән, жырымыз, өнеріміз жайлы жеке ойымды ортаға салғым келді. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміздің мүлдем жоқ болып кетпеуі үшін шырылдаймын. Қазақ халқының өзі тұнып тұрған құндылық қой түсінген адамға. Әріге бармай-ақ дүние есігін жаңа ашқан сәбидің қуанышына арналып жасалатын шілдехана төңірегінде өз ойымды ортаға салсам. 

Бұрын біздің бала кезімізде сәби туылған үйде шілдехана күзетеміз деп бүкіл ауыл бармаса да ет-жақындары жиналатын. Таң атқанша ән айтылып, күй тартылып, тіпті әйелдер мен ерлер айтыс ұйымдастырып, думандататын. Ал қазір ше? «Ойбай, баланы шошытамыз, адам кіруге болмайды, дауыс көтерме» дейміз де тыныштыққа шақырамыз. Сонда ата-бабаларымыз бізден ақылсыз болған деп ойлайсыз ба? Жоқ, әрине. Шыр етіп дүниеге келген шарананың құлағына ұлттық әннің әуенін, әуезін бірінші күннен бастап құясыз. Ол – талассыз дүние. Дана Абай:
…Бала туса, күзетер шілдехана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған,
Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең, –
дегенді неге айтты. Ол біздің ұлтқа ғана тән нәрсе болғандықтан шырылдады. Шілдехана қазір тойланбайды, ұмыт қалды. Ал оны қайтадан жаңғыртатын кім? Әрине біз. Сосын бесікке салу деген ырымымыз бар. Ал бесікті қолданатын адамдардың қатары соңғы кезде сирегені тағы рас. Бесіктің бес пайдасын айтып берсем. Бесікте жатқан қол, аяғы құндақтаулы бала ешқашан ұйқысынан шошымайды. Ал ұйқысы тыныш бала сабырлы, байсалды болып өседі. Қазір аяқ, қолды бос қойдық, бала өз қолынан өзі шошып оянады да ұйқысы бұзылады, ұйқысы бұзылған соң күлуден қалады, яғни жүйкесіне салмақ түседі. Сосын ашуланшақ, сөз көтере алмайтын, ұрысқақ ұрпақ келмей қайтсін? Бұл – әрине менің жеке пайымым. Медицина бесікті қолданыстан шығарып тастады. «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп Мұхтар атам бекер айтқаны ма? Бұл–біріншісі. Дәрет алмай Зере анамыз Құнанбайға емшек салмаған. Одан текті ұл ерді. Әлем мойындаған дарын туылды. Дәрет алу да тазалықтың, тектіліктің белгісі. Ал қазір памперс салып, өз дәретіне өзін малындырып қоятын болдық. Қасірет болар, бәлкім? Бұл екінші пайдасы. Шаршаған ана баласын емізіп жатып бесікке сүйеніп ұйықтай беретін баяғыда, балаға ешқандай қауіп төнбейді. Бұл – үшінші пайдасы. Бесікте жатқан баланы жасы сәл үлкен балалар тербетіп, қарай беретін. Бұл – төртінші тиімді тұсы. Ал қазір ондай бала бағатын бала таппайсың. Сосын асты суланбай құрғақ жатады. Арнайы жасалған түбек тәулікке жетеді. Бұл – бесінші уәжім. Бесік те ұмытылып бара жатқан жақсы ұлттық дәстүрлеріміздің басы.
Тағы бір ұмытылып бара жатқан салтымыз – 5-6 жасқа толған ұл баланы «Ашамайға мінгізу» салты. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Ал қазір бес-алтыдағы баланы атқа жалғыз отырғыза аламыз ба? Әрине, жоқ. Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, ауыл ақсақалдар батасын беріп, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына және бас киіміне шоқтап үкі тағады. Бұл «үкінің қасиеті жын-шайтаннан қағады» дегенді білдіреді.
Әр ауылда ұр да жық, сотқар жігіттер болады. Еркіндікті, бостандықты сүйетін. Олар аңғал, ақкөңіл келеді. Бірақ намысына тиер болс, аттың үстінен алып жыға салуы мүмкін. Қазақ – жаратылысынан бостандық, еркіндік сүйгіш халық. Сол еркін, бетін қақпай өскен баладан нағыз батырлар шығатын болуы керек. Жау шапқанда олар алды-артына қарамай қолына найзасын алып бірінші атойлайтындар. Ол да ата мен әженің тәрбиесін көргендерден шығады. Мысалы, халқымыздың «қорлықпен өткен өмірден, көсіліп жатар көр артық» деуі бостандық пен еркіндікті жөн санайтынының дәлелі. Құдайға шүкір, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап, жете алмай кеткен тәуелсіздікке біздің қолымыз жетті. Ежелден ар-ұятты бәрінен де жоғары қоятын халықпыз. Адамның мінезін түзеп, имандылығын арттыратын «Ар ілімі» ғана. Бұрынғының қазағы (ата-бабаларымыз) бірімен бірі «Ар ма? Армысың?» деп амандасқан. Бұл – «Арың таза ма? Ұятыңды жоғалтқан жоқ­сың ба?» деген сөз. Міне, бұл да – қанға сінген қасиет, ұлттық ерекшелік! Сондықтан Елбасы осы мақаласында «қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптауырын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің жаңғыруымыз мүмкін емес» деп ескертіп отыр.
Рухани жаңғыру менің түсінігімде – қазаққа ғана тән дәстүрлерді қайта тірілту, жаңғырту. Ұлтсыз, рухсыз тәуелсіздік болмайды. Ұлттық рухымыз қайта жаңғырды, жаңаша сипатта жаңғырды. Ұзағынан болсын.
Қанат ЖАНЫСБАЕВ,
аудандық мәдениет үйінің директоры

  • ӘСТИН ЧИҚМАС БИР КҮН

    Вәтәнпәрвәрлик – туғулған йәргә болған муһәббәттин томур тартиду. Шундақ екән, биз яшлирим…
  • Кетпенде өткен керемет кеш

          Кетпен ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақа…
  • Унтулмас учришиш

    Оқурмәнләргә мәлумки, гезитимизниң өткән санлирида Индонезияниң Джакарта шәһиридә өткән Яз…
Пікірлер жабылды.

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘСТИН ЧИҚМАС БИР КҮН

Вәтәнпәрвәрлик – туғулған йәргә болған муһәббәттин томур тартиду. Шундақ екән, биз яшлирим…