Басты бет Рухани жаңғыру БІЛІКТІ МАМАН – РУХАНИ ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

БІЛІКТІ МАМАН – РУХАНИ ДАМУДЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

0
946

Еліміз таяу жылдары әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді көздеп отыр. Озық елдер қатарынан көріну үшін алдымен біліміміз озық болуы шарт. Ал білімді елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы биік болып, өркениетті мемлекеттермен иық тірестіре алатынына ешкім дау айта алмас. Ол үшін қоғамның маңызды салаларына реформалар енгізіліп, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өмір сүру салтын да заман ағымына қарай өзгертуге тура келеді. Көз ілеспес жылдамдықпен дамып бара жатқан әлем елдерімен теңесуде білікті мамандар мен көзі қарақты, көкірегі ояу жастарды тәрбиелеудің маңыздылығы арта түспек. 


Сондықтан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің білім беру саласына жаңа мақсат-мүдделер жүктеді. Білімнің салтанат құруы бұл мемлекет басшысының мақаласындағы маңызды тараулардың бірі. Қазір әлемдік деңгейдегі экономикалық, ғылыми-техникалық және өндірістік салалар жылдам өзгеруде. Мұндай үрдіс болашақта кәсіби сауатты, білікті мамандарға деген қажеттілікті арттыратыны анық. Егер белгілі мамандық иесі өз жұмысына тиісті деңгейде жауап бере алмаса немесе оның үдесінен шығуға білімі жетпесе онда оның қажеттілігі болмай қалады. Бұл жуық арадағы көз жететін жағдай. Қарапайым мысал келтірейік. Тіс дәрігері екеу делік, оның бірі өз ісінің нағыз шебері, ал екіншісі әйтеуір ата-анасының нұсқауымен білім алған. Кімде болса әрине өз ісінің білгіріне қаралып, ем алуды құп көреді, яғни нағыз маманды қажетсінеді. Ал екінші дәрігер егер біліктілігін көтермесе өздігінен керексіздік күйін кешеді. Сондықтан қазір әрбір қазақстандықтың бойында ғасыр талабына сай келетін қасиеттер болуы керек. Жаңа дәуірде бәсекеге қабілеттілік те маңызды рөл атқарады. Тұтас ұлт бәсекеге қабілетті болғанда ғана белгілі бір нәтиже шығады. Бәсекеге қабілеттілік ел болашағы үшін аса қажет дүние. Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ елі «Болашақ» бағдарламасы арқылы мыңдаған жастарды әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, білікті маман дайындатты. Зияткерлік мектептер ашылды. Әртүрлі бағдарламалар ұсынылды. «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттыруы қажет» деді Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында. Осылайша жаңа замандағы мемлекетті тек білікті, зиялы қауым жасайтындығын айтты. Мақалада баршамыздың бойымызда патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы кіндік қаның тамған жердің өркендеуіне үлесіңді қос деп ұран тастағандай әсер береді.
Нұрсұлтан Назарбаев­тың жастарға деген қамқорлығы мен Қазақ­станның болашақ мүд­десі үшін жүргізілген мемлекеттік саясатының нәтижесінде жастарға деген қамқорлық еселеп артуда. Бүгінде Елбасының тікелей бастамасымен егемен елімізде әр азаматтың сали­қалы өмірі, тұрғындардың әлеуметтік қор­ғалуы мен жұмыссыздықты жою мақсатында талай жаңа бастамалар мен идеялар жүзеге асуда. Осындай дер кезінде қабылданған, маңызды да мазмұнды жобалардың бірі – «Дипломмен – ауылға» идеясы. Елбасының бастамасымен дүниеге келген бұл жобаға сәйкес бүгінде жастарды әлеуметтік қолдау қарқынды жүргізілуде. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы «Туған жер» бағдарламасы осы бастаманың заңды жалғасы іспетті.«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы қабылданған соң ауданға атбасын бұрған мамандардың қатары да арта түскендігі ақиқат.
Осы қаулыға орай ауданға келген жас маманға 70 еселік айлық көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 2010 жылы 630 еселік айлық көрсеткішке тең қаражат берілсе, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері 1500 айлық есептік көрсеткішке жетті. Тұрғын үй сатып алуға берілетін несие 15 жылға 0,01 пайыздық ставкамен беріліп келеді. Бұл да біршама жеңілдік екенін ескерген жөн. Жұмысқа қабылданған маман несие немесе көтерме жәрдемақы алған кезден бастап кемінде 5 жыл бойы осы салада қызмет етуі тиіс.
2010 жылы жәрдемақы төлеу үшін 3 млн. 166 мың теңге, несиелеуге 6 млн. 231 мың теңге қаржы бөлінді. Сол жылы аталған соманың жәрдемақыға 32 маманға 3 млн. 166 мың теңгесі несие алу үшін 7 маманға 6 млн. 230 мың теңге қаржы банк-агент арқылы төленді. 2011 жылы көтерме жәрдемақы төлеуге 3 млн. 706 мың теңге, тұрғын үй сатып алуға 17 млн. 726 мың теңге бөлініп, барлығы 36 жас маманға 3млн. 704 мың теңге көтерме жәрдемақы, 9 жас маманға 16 млн. 960 мың теңге тұрғын үй несиесіне төленді. 2012 жылы цифр тағы өсті. 2018 жылы оның көлемі тіпті шарықтады. Осылайша әр жылы мамандар саны да, тұрғын үй мен көтерме жәрдемақы алғандар саны да артты. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың арқасында туған жеріне, өскен ауылына оралып, алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып отырған мамандар үшін әркез мақтана аламыз. Жоғары білікті маман өзінің ұлттық сана-сезімі мен қалыптасқан кодын сақтай отырып, жаңғыруға бет алуын жақсылыққа балаймыз. Өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамдарға байланысты. Қазақстанды өркениет көшінің алдына бастайтын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына ие. Елбасы ұсынған бағыт та азат елді озық отыздыққа жетелеп, ондағы білікті мамандар рухани жаңғыруымыздың, дамуымыздың қозғаушы күші болатындығына шүбә келтірмейміз.

Мырзалим ИСМАИЛОВ,

аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…