Басты бет Рухани жаңғыру РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫС КӨЗІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫС КӨЗІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

0
2,135

Еліміз басынан кешкен қиындықтарды артқа тастап, бабалар аманатын, басқан ізін тарихта мәңгі сақтап, жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Осы кезеңге дейін бастан кешіргендеріміздің бәрі өткен өмір, тарих болады. «Рухани жаңғыру» тек бүгін басталатын жұмыс емес. Қазіргі таңда бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз Қазақстан және ортақ ұлттық идеямыз 2050 стратегиямыз бар болса, өзекті мәселелердің бірі, бірегей қазақ тілін 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөлеп, өркениеті дамыған 30 елдің қатарына жету бағыт — бағдарына ілесу, үлес қосу біздің алдымызда тұрған үлкен мәселе. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. «Келешекке кемел біліммен» – деп ұстаздардың көкейіндегі әр сезім, ойды нақты тауып, біліп айтқан тәрізді. Сол сезімді санамызға жеткізе білу, әрбір қазақстандықтарға ой салу, жұмыстарымызға жаңа жол, бағдар берудің өзі — тапқыр, терең білімді көшбасшының ғана қолынан келетін іс.
«Рухани жаңғыру» аясында Илья Молутов /Бахтия/ атындағы №3 орта мектебінде жобалар құрылды. «Ақындар өлеңі – ғасырлар тоғысында» жетекшісі – Сарбасова Қ., «Жүз жаңа есім» жетекшісі – П.Турсунова, В.Жалилова, «Духовные святыни Казахстана» жетекшісі – Р.Маматсопиева, «Арасан – қасиетті жер» жетекшісі Н.Мурадуллаева, Г.Джаппарова, «English
is the world language» жетекшісі – Д.Шарипова. Жоба аясында біршама іс-шаралар жүзеге асырылуда. «Менің жерлестерім және олардың еңбектері» атты қабырға газетін шығару байқауы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа жергілікті азаматтардың еңбектерін бағалау білуге, танысуға мүмкіндік туғызса, «Книжный мир – начало к модернизации сознания», «English is the World Ianguage», «Жергілікті арасан сулары», «Жаныңда жүр жақсы адам», «Көп тілде білім беру заман талабы», «Ауылым береке қонған мекенім», «Әлемге танылған Туған жер» тақырыбында апталық, «Ақындар өлеңі –ғасырлар тоғысында» жобасы аясында «Қара өлеңнің Хантәңірі» (Абай мен Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту байқауы) оқушылардың мәнерлеп оқу қабілетін дамыта білуіне жол көрсете білсе, «Жүз жаңа есім» жобасы аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында Шонжы ауылының тұрғыны, ел қамын ойлап, ақыл парасатымен, адамгершілік асыл қасиетімен, беделімен жұртшылыққа танылған мүсінші, суретші Жалилов Үсен ағамен кездесу мектеп оқушыларының келешекке үмітпен қарауына жол аша білді. Мүсінші оқушыларды өз өмір жолымен таныстырып, еңбектерін тәжірибе жүзінде мектеп шеберханасында мастер-класс көрсетіп, оқушыларға темірден жасалған заттардың жасалу жолдарына кеңінен тоқталып, кездесуге қатысқан оқушылар атынан «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы З.Турлығожаев, іс шараны ұйымдастырушы Р.Насырова, В.Жалиловалар «Өнер қырлары» атты үйірменің жетекшісі А.Сайдуллаевтар кездесу қонағына ризашылығын білдіріп, кездесу соңы концерттік бағдарламамен жалғасты. Бұл шаралар оқушылар арасында үлкен жауапкершілік пен шынайылықты, белсенділік пен бәсекелестікті, білімділік пен алғырлықты қалыптастыруға септігін тигізді.
Рухани жаңғыру – сенімділікпен жемісті табыс көзіне қол жеткізуіміздің кепілі: сана-сезіміміздің жарқын болуы үшін бір-бірімізді алға қарай жетелеп, өмір сүруге талпынуға, өмірдің сан-қилы қызықтарға толы екеніне көз жеткізуге, өзгелерге қолдау, қамқор болу, қол ұшымызды берумен жүзеге асырылатын нәрсе екенін түсінуіміз керек. Сондықтан осы мақсатта да мектебіміз барынша жағдайы нашар отбасы мүшелеріне түймедей болса да көмек көрсету жолын қарастыру жұмыстары жалғастырылуда. Соның бір дәлелі өткен аптада жанашыр, халқына суықта пана, ыстықта сая болуға барынша көмек көрсетіп халық алғысына бөленіп жүрген біртуар ел перзенттері – «Negal Group» компаниясы атынан мектебіміздің 1995 жылғы түлегі Курбанова Саяра, «БАСФ Центральная Азия» компаниясының атынан компания қызметкері Изимов Максутжандар мектебіміздің 4 а, б сыныптарының 13 оқушысына жалпы 178 мың 700 теңгелік киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз етсе, «Универмаг» сауда орталығының жеке кәсіпкерлері атынан Тамара Камирдинова, Гульфида Арзиевалар оқушыларға жаңа жылдық тәттілерін тарту етсе, жеке кәсіпкер Талғат Абдуллаев мектеп оқушыларына үнемі қол үшін беріп, балаларға мейірімділікпен қарап, көмекке мұқтаж отбасы балаларына өз көмегін аямайды. Балалардың қуанышына қуаныш сыйлаған азаматтарға отбасы мүшелері ризашылығын білдіріп, компания басшылары мен қызметкерлеріне алғыс айтып, осы жақсылықтың бәрі рухани жаңғыру аясында жүзеге асырылып жатқан нәрсе екенін сезінді. Бұл қуанышты жайтқа куә болған мектеп ұжымы да жоғарыда есімі аталған азаматтарға рақмет айтып, жұмыстарына табыс тілейді.
Шынымен-ақ біз ұстаз қауымы рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа жарқын болашаққа бірге жететіндігімізге нық сенімдіміз!
Пәзиләм ТУРСУНОВА,
И.Молутов /Бахтия/ атындағы №3 Шонжы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…