Басты бет Саясат АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
1,289

Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауына байланысты дөңгелек үстел өтті. Оған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, орынбасарлары, «Атамекен» және «Нұр Отан» аймақтық филиалдарының басшылары және облыс судьялары қатысты.

Дөңгелек үстел аясында қылмыстық және әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енген жаңа Салық кодексі талқыланды.

Жиында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қатысып, Елбасы Жолдауындағы нақты қадамдарға тоқталып өтті.

-Қазіргі әлемде ақпараттық жүйелердің қарқынды дамыған кезінде IT-технологияларды пайдалануды  барлық салаларға енгізу керек, бұл облысымыздың дамуына көмектеседі. Алматы облысы соңғы жылдары жақсы нәтижелерге қол жеткізген маңызды аймақ болып келеді және оны осы деңгейден түсірмеу керек, – деді ол.

Жолдаудың маңызды аспектілерін талқылауға, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Досымбет 100 нақты қадам Ұлт жоспарын орындау, оң нәтиже бергенін және оны жетілдіру биылғы Жолдаудың тоғызыншы міндетінде орын алғанын айтып өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Советхан Сәкенов қылмыстық заңнаманы реформалау туралы, атап айтқанда қылмыстық сот ісін электронды түрде жүргізу және тергеу соттарын құру жөнінде толығырақ тоқталды. Сонымен қатар, әкімшілік және  көші-қон полициясының өкілдері, судьялар әкімшілік заңнаманы талқылау барысында  елеулі өзгерістер орын алғанын айтты.

Сондай-ақ, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастығы Алимжан Тохтасунов  халықтың сауаттылығын арттыру үшін жұмыс тобын құруды және кәсіпкерлікті қолдау туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Дөңгелек үстел соңында облыстық сот төрағасы М.Таймерденов пен өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Н. Абильшаиков 2018 жылға ұйымдастырылған іс-шаралар жоспарына қол қойды.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қор…