Басты бет Өңір тынысы АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА 2093 ХАБАРЛАМА ҚАБЫЛДАНДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА 2093 ХАБАРЛАМА ҚАБЫЛДАНДЫ

0
923

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Абдыбеков Данияр мәлімдеді.  Өз сөзінде ол өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда хабарламалар саны 2,5 есеге өскендігін айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап объектілерді пайдалануға қабылдау жүйесі қайта құрылды. Яғни, осы Заң қолданыстағы объектілерді пайдалануға тыйым салады және объектіні декларативті түрде қабылдау механизмін енгізді. Заң талаптарын бұзғаны үшін 1052 әкімшілік іс қозғалды, оның 223-і сот орындарында жіберілді. Есеп беру кезеңінде әкімшілік жауапкершілікке 152 субъект тартылды, оның ішінде қызметті тоқтату, сараптамалық куәлікті алу және заңсыз салынған объектіні мәжбүрлеп бұзу бар», — деді Д. Абдыбеков.

Сонымен қатар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық талаптарды бұзғаны үшін 1052 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінде 223 әкімшілік іс процессуалды шешім қабылдау үшін сот органдарына жолданған.

Алдағы уақытта құрылыс сапасын жақсартып, оларды халықаралық стандарттарға сай етіп келтіруді және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды Басқарма мақсат етіп отыр.

Айта кетейік, облыста жыл басынан бері өз еркімен салынған нысандардың 668 фактісі анықталып, әкімшілік айыппұл салынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТАҢНАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Шошанайлық ағайын мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты.…