Басты бет Спорт ТАЛДЫҚОРҒАНДА ІХ-УНИВЕРСИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ІХ-УНИВЕРСИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

0
822

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы ІХ-Универсиаданың ашылу салтанаты  өтті. Байрақты бәсеке  спорттың 37 түрі бойынша  ұйымдастырылып отыр. Оған республикамыздың әр аймағынан 22 команда қатысуда. Аталмыш спорт жарысына І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ-нің  студенттері спорттың 16 түрі бойынша қатысып, бақ сынауда. Студенттер арасында өтетін  дәстүрлі  унверсиада жарыстарына ЖМУ командасы тұрақты қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Соның нәтижесінде универсиада ойындарының ЖМУ қабырғасында өту мүмкіндігіне ие болды. Қазіргі таңда  Жетісу мемлекеттік университеті базасында еліміздің ЖОО келген жас спортшылар спорттың: еркін күрес, самбо, ауыр атлетика, дзюдо, регби, жағажай волейболы, бокс, садақ ату түрлері бойынша күш сынауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АТ ҮСТІНДЕ АТОЙЛАҒАН ЖІГІТТЕР

Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ а…