Басты бет Саясат Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі

0
79

Бүгін «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, аудан әкімі Елеусізова Бота Серікқызы тұрғындардың жеке және көпшілікпен ортақ мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары тұрғын үй кезегі, жұмыссыздық, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдем түрлеріне қатысты сауалдарын қойып, жер мәселелері бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді.


Қабылдауға алдын ала жазылған 20-ға жуық тұрғынның шағымдары толығымен тыңдалды және ұсыныстары да ортаға салынды. Көпшілігінің мәселелері ортақ, яғни үй кезегінің баяу жылжуына қатысты болды. Бұл мәселені назарға алған аудан әкімі Шонжы ауылындағы салынып жатқан 60 пәтерлі үй жылдың соңына дейін аяқталатынын, содан соң тұрғын үйлер кезектілікке сай 60 отбасына берілетінін айтты.
Жалпы айтқанда, қабылдауға жазылған азаматтар тарапынан көптеген арыз-шағымдар да, өтініштер де, ұсыныстар да тыңдалды. Аудан әкімі Бота Серікқызы барлығын сараптай, саралай келе, баршасына толықтай жауабын берді. Шешімі бар мәселелерге қатысты жауабын сол жерде берсе, кейбірін өзінің орынбасарлары мен жауапты бөлім басшыларына табыстады.
Қабылдау барысында тұрғындардың бірқатары аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, оның тың бастамаларынан зор үміт күтетіндіктерін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…