Басты бет Қазақ елі ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

0
314

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгілері. Ұлтымыздың – мақ­танышы, халықтың – айбары. Конституциялық заңда «Мем­лекет­тік ту, Мемлекеттік елтаң­ба, Мемлекеттік гимн Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік рәміз­дері болып табылады» делін­ген. Яғни біздің тәуелсіз еліміздің ұлттық нышандарын айшықтайтын белгілеріміз заңмен таңбаланған. Оған ешкім нұқсан келтіре алмайды. Бұл белгілер егемендігімізді, еркіндігімізді, тәуелсіздігімізді айғақтайды.

Жеңіс туы көкке көтеріліп, Гимніміз шырқалғанда жүрекке мақтаныш сезімі орнығып, төбеміз көкке жетіп қуанамыз. Туымыздың көк түсі – азат Қазақстанның шексіз көк аспанын білдірсе, Тудағы күн – жаймашуақтық пен жылылықтың белгісі. Ұрпағына «Туың жығылмасын» деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі. Алмағайып күн туғанда, ұлы бабалар дабыл қағып, Ту көтерген. Елім деген ерлер, қашанда Ту түбіне жиналған. Жауға тойтарыс берген. Қуанышта да осылай болған. Көк байрақ көтерілген жерден мерекенің мерейі үстем болған. Көк байрағымыз көкте желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, төрімізде қасқайып Елтаңбамыз жарқырап тұрса кім біздің елдігімізге шүбә келтіре алады. Қаншама сайыс, жарыстарда суырылып алға шыққанда өзгенің сағын сындырып, мысын басатын да осы бір құдіреті күшті рәміздеріміз емес пе?

4 маусым Қазақстанның рәміздер күні бұл достықты, бірлікті, тыныштықты паш етер күн. Бір тудың астына жиналған көп ұлтты халықтардың бір шаңырақ астындағы тату-тәтті өмірін паш ететін күн.Сан ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген таңда өз алдына мемлекет болумен қатар, тұғыры биік Туымызбен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Гимнімізбен айбынды ел бола білдік.

Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – Отан алдындағы ұрпақтар борышы. «Туы биік елдің – тұғыры биік» деген дана халқымыз. Енді біздің міндетіміз – қол жеткен ұлттық құндылықты көздің қарашығындай сақтау. Қазақстан қашан да Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы. Сондықтан, көк байрақтың астында барлығымыздың жүрегіміз Отан деп соғуы тиіс..Рәміздер және рәмізтану туралы пайымдаулар бастауын тым әріден алады. «Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам», дейді Мағжан ақын. Егемендікке қол жеткізе алмай жүргендер қаншама. Жаратушы біздің ұлтқа мейірі түсіп, кең байтақ дала мен таңғажайып табиғат-ананы сыйға тартты. Біздің ұрпақтың борышы ата-бабалардың қанымен келген осы ұлан-ғасыр жерімізді жаудан, шекарамызды көз алартқандардан қорғап, Көк туымыздың көгімізде желбіреп, Гимніміздің көкірегімізде шырқалып, Елтаңбамыздың еңсесін биіктете түсу. Мерекелердің ішіндегі қадірлісі де, қасиеттісі де Рәміздер күні деп ойлаймыз. Мемлекеттігімізді, елдігімізді танытатын осы белгілеріміз ұлттық құндылықтарымыздың ең биігі. Оны құрметтеп, қастерлеп, мадақ ету – біздің міндетіміз. Ауданның барша жұртшылығын осы айтулы күнмен құттықтаймын. Заң саласында жүргендіктен біз үшін мемлекеттік рәміздер күнінің бағасы тым асқақ. Сондықтан Туымыз, Елтаңбамыз, Гимніміз ұлтымыздың мақтанышына айналып, мәңгілік жасасын.

Айтолқын ДЕЛТАЕВА,

аудандық соттың бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…