Басты бет Бір шаңырақ астында БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ТАТУЛЫҒЫМЫЗ ТҰРАҚТЫ ЕЛМІЗ

БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ, ТАТУЛЫҒЫМЫЗ ТҰРАҚТЫ ЕЛМІЗ

0
92

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні еліміздің төрінде Астана қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясы өткізілді. Ел аумағында орын алып жатқан табиғи апаттың зардабын еңсеруге байланысты атқарылып жатқан ауқымды алдын алу шаралары мен көмек қолын созу, қайырымдылық жұмыстары атқарылып жатқан сын сағатта мейілінше қысқартылып жатқан ауқымды шаралар секілді Ассамблеяның сессиясы да онлайн форматта жинақы түрде өткізілді. Бұл сессиясы «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген маңызды тақырып алған. Осы үш ұғымның ішінде еліміздің даму даңғылына қарай басқан қарқынды қадамының және жарқын болашағымыздың негізгі идеологиясы жатқандығын анық аңғаруға болады. Бірлік еліміз үшін қай уақытта болмасын ең қажетті құндылық. Ал жасампаздық көз ілестірмей қарыштап дамыған заманның маңызды талабы. Өрлеу қандай елде болмасын әуелі алдыға міндет етіп қойылған нысаналы мақсаттардың бірі екендігі айтпаса да түсінікті. Алдыңғы екі басымдық салтанат құрып тұрса өрге қарай өрлеуге еш кедергі де қиындық та болмайтындығы сөзсіз.

Еліміздің Президенті сессия отырысының алғы сөзін “Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган”,-деп нық сеніммен баға беріп бастады. Өткен ғасырдың соңғы жылдарынан бері қарай Тәуелсіз елімізбен бірге қадам басып келе жатқан Ассамблея ұйымы қазақтың қоғамында өзіндік орнын тауып, өзіне артылған жүкті діттеген бағытына қарай қайыспай арқалап бара жатыр деп айтуымызға болады. Қоғамның барлық бастамалары мен игі шараларының басынан табылып, атсалысып жүретін ассамблея ұйымының белсенділігі де осы сессия да Мемлекет басшысы тарапынан жоғары бағаланды.

Сәйкесінше, биылғы көктем бастала салысымен елміздің бірқатар өңірлерін әбден әбігерге салып, соңғы 80 жыл ішінде тұңғыш рет орын алып отырған жойқын су тасқыны табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек қолын созуда да өте белсенділік танытқан Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылымдық бөлімдері екендігін де ерекше атап өтті. Ассамблея ұйымының құрылуындағы басты мақсат жүздеген этностар мекен еткен қазақтың киелі шаңырағының бірлігі мен беріктігін сақтауға атсалысу болатын. Осы орайда күнікеше өткен Ассамблеяның сессия отырысында ел Президенті бірлік пен татулықты ту еткен сөзінде:

«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді. Табысқа жету үшін мынадай өзекті міндеттерді орындауға баса мән беру қажет. Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет”,- деп топшылады. Бұл орайда Ассамблея қоғамдағы өзінің ең маңызды рөлін нақты атқару үшін  белсенділігін арттыра түсуі шарт. Татулық пен бірліктің символына айналуы керек. Қазақстанның Тәуелсіздігінің тамыры тереңге жайылуына, осы елдегі барлық этносөкілдерінің ауызбіршілігі мен туыстығы, қоғамдық келісім мен тұрақтылық аталмыш ұйым үшін ең басты миссия болып қалыптасуы шарт. Барлық этнос өкілдеріне тең мүмкіндік жасалып, кеңшілік берілген қазақ елінің қадірін ұғындырған кешегі тарих тасқа таңба болып басылған күйінше барлығымыздың жүрегіміздің төрінен орын алуы тиіс. Біз төскейде малы мыңғырған, төрде тізесі түйісіп малдас құрып, бір дастарқан басында тату-тәтті бір нанды бөліп жеп, бір дәмді бөліп ішкен дос, туысқан, біртұтас елміз.

Қорыта айтқанда барша отандастар үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мына жалынды сөзі тұмар болып қалыптасуы керек: “Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз. Қасиетті қара шаңырағымыз – Қазақстанның жарқын болашағын бірге жасаймыз. Біздің мақсатымыз – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін қорғауды Президент ретіндегі ең басты міндетім деп санаймын”. Осындай жігерді жаныған сөз бір шаңырақ астындағы біртұтас елді тағы да бірлік пен татулыққа ұйыстырып, жарқын келешекке бірге қадам жасауға шақырды. Біз Президентіміздің әр бастамасын қолдаймыз және ел ішінде насихаттап, көпшілікке жетуіне жұмыла күш саламыз!

Ақжол ТАШКЕНОВ,

аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ТҮЗЕУІМІЗ ҚАЖЕТ

Қоғамда адам өзгерді ме, әлде заман өзгерді ме білмеймін, кінәмшілдікке көп жол беретін бо…