
Бізде қуанышты жаңалық!
Облыс әкімің бастамасымен ашылған жаңа коворкинг жастардың жан-жақты дамуына мүміндік беретін орталыққа айналмақ. Сондай-ақ, жастарға білікті мамандар психологиялық және заңгерлік қолдау, қаржылық сауаттылық бойынша кеңес беріп, NEET жастарының жұмысқа орналасуына қолдау көрсететін болады.
Видеоплеер
Коворкинг орталықтар өңірдегі жастарды әлеуметтендірудің маңызды құралына айналмақ. Жаңа жастар алаңында тегін негізде бизнес-тренингтер, шеберлік сабақтары, кездесулер, көрмелер, үйірмелер және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.Жалпы, жастар орталығында жылына 10 000 жасқа қызмет көрсету жоспарланып отыр. Тек Қонаев қаласының азаматтары ғана емес, облыстың түкпір-түкпіріндегі кез келген жас келіп, қызметіне жүгіне алады.
Облысымыздың барша жастарын жаңа жастар орталығының ашылуымен құттықтаймыз!