Басты бет Денсаулық МӘМС АРҚЫЛЫ ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ТЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ?

МӘМС АРҚЫЛЫ ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ТЕГІН АЛУҒА БОЛАДЫ?

0
499

МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

  • Профилактикалық медициналық тексерулер;
  • Учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
  • Созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
  • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
  • мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
  • медициналық оңалту;
  • стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдауқызметіне (әрбір емханада бар) немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыз: колл-орталық 1414, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, Қор филиалы + 7 7282 55 90 06, 55 90 07, 55 90 13.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

 

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысының с…