Басты бет Әлеумет «Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

«Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады

0
177

ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.
Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келді. Қазіргі таңда жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін бар. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.
Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.
Ақылы қызметтерге тапсырыс беру кезінде төлем шоты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына келеді. Клиент бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады.

Получить ЭЦП и другие популярные услуги можно через приложение «Мобильный ЦОН»

Не обязательно идти в ЦОН за получением ЭЦП. Благодаря сервису приложения, можно связаться с оператором ЦОНа посредством видеозвонка и заказать ЭЦП, не выходя из дома.

Ранее казахстанцам, кто не имеет персонального компьютера, приходилось посещать ЦОН для получения ЭЦП. На сегодняшний день есть возможность получения ЭЦП для физических и юридических лиц через приложение «Мобильный ЦОН». Для этого необходимо авторизоваться в приложении и кликнуть «Услуга по видео», оператор подключится и запросит удостоверение личности и код из SMS для подписания  заявки.

В приложении имеются  такие популярные услуги, как выдача дубликата правоустанавливающего документа на недвижимое имущество, дубликата технического паспорта объектов недвижимости, назначение пособий на рождение ребенка и по уходу за ребенком, назначение единовременной выплаты на погребение, назначение пособия многодетной семье, назначение жилищной помощи, присвоение или продление статуса кандаса и другие.
Добавим, что при заказе платных услуг, счет на оплату придет в приложения банков второго уровня. Клиент сможет моментально оплатить пошлину при заказе услуги через видеозвонок.

Кроме того, через приложение также можно забронировать посещение в ЦОН, получить талон электронной очереди, найти расположение

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ КУӘЛІГІН АЛУ. ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ

Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлігі 16 жасында беріледі. Ол республика аумағында жарамд…