
Жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Максим Рожин Ұйғыр ауданы Шонжы аулындағы №6 өрт сөндіру төтенше жағдайлар қызметінің жұмысшыларымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Өрт сөндіру кезіндегі арнайы техникаларын қарап шықты. Қызметкерлердің Ұсыныстары мен пікірлеріде тыңдалды.
«Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін»- деген өз сөзін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садықанұлы жеткізді.