Басты бет Бір шаңырақ астында ЕРКІН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН

ЕРКІН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН

0
148

         Шаңырақ  уықтың шашырап кетпей ашық аспан астына біріге жиналуына мүмкіндік береді. Біздің Қазақстан бір шаңырақтың астына қаншама этностың басын біріктіріп, бауырына басып отыр десеңізші… 130-дан астам этнос өкілі тұратын менің Отаным бірлік пен татулықтың көрінісі іспеттес ешкімді де бөліп жармай барлығының ортақ Отанына айналуда. Зайырлы мемлекетіміз бұрыннан-ақ дос болғанға құшағын айқара ашқан дархан көңілімен ерекшеленген. Қаншама ғасыр өтсе де қарапайым халқымның қонақжайлылығы еш өзгерген емес. Кім келсе де соңғы тағамымызды ауыздарына тосып, құшағымызды ашып, ақкөңілімізді ақтара саламыз. Алайда қайсар өр жұртымды осындай мамыражай мінезі үшін қой аузынан шөп алмас момын, аңқау халық ретінде көретіндер бар. Шын мәнінде олай емес. Намысымызға тиіп, арымызды таптағандарды аямаймыз. Осындай ниетімізге қарай Жаратушы ием бізге кең даласын сыйлаған болар. Ол да намысшыл бабаларымыздың қанымен, жанымен келгендігін естен шығармағанымыз жөн. Өзімнің қазақ болып туғаныма әркез шүкіршілік айтып жүретін адаммын. Сол үшін бақыттымын. Менің азат жұртым, арнайы заңмен бекітілген тәуелсіздігім, кең-байтақ жерім мен сан ғасыр қалыптасқан тарихым, ұлттық рәміздерім мен өз заңдарым, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес қасиетті қазақ тілім бар. Қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің қатарында есептеледі. Сондықтан өз тілімде сөйлеп, өз тілімде білім алып, өз тілімде кез келген адаммен сөйлесе алатыным үшін бақыттымын. Кейде тату-тәтті өмірімізге қызғанышпен қарайтындар, бақуатты тұрмысымызды көре алмайтындар ел арасында алауыздық туғызуға тырысып бағады. Біз ондайлардың жетегінде кете алмаймыз, азат еліміздің еркіндігін ешкімге таптатпаймыз. Намысшыл, өр халықтың ұрпағы болғаныма мақтанамын. Бұйыртса журналистика саласын таңдап отырмын. Сабағымды жақсы оқып, қалаған оқуыма түссем, елімнің жақсылығын, халқымның салт-дәстүрін дәріптеп, мемлекетімнің қабырғасына бір кірпіш болып қаланамын деген алға қойған үлкен мақсатым бар. Шаңырағым Қазақстанның шаттыққа бөленіп, бақытқа нұрланып жүретін әр сәтін қалт жібермей, қаламымның ұшына іліп, мақтан ететін бір перзенті бола аламын.

Ақниет НҰРҒАНАТ,

Сүмбе орта мектебінің 11 сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ТҮЗЕУІМІЗ ҚАЖЕТ

Қоғамда адам өзгерді ме, әлде заман өзгерді ме білмеймін, кінәмшілдікке көп жол беретін бо…