Басты бет Қазақ елі ЕР – ЕЛГЕ ҚОРҒАН

ЕР – ЕЛГЕ ҚОРҒАН

0
142

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде салтанатты шара өтті. Мерзімді әскери борышын өтеуге аттанатын жігіттерді арнайы қонақтар мен ата-аналары, достары шығарып салды.

Аудан әкімі Бота Елеусізова сөз алып, Отан алдындағы борышын өтеуге жүрген жігіттерге ізгі тілегін айтып, ата-аналарының үмітін ақтап, қызметтерін абыроймен атқарып келулеріне тілегін жеткізді. Аудандық аналар кеңесінің белді мүшесі Клара Рахимберлинова аналық ақ батасын беріп, әскери қызметін өтейтін жас буынға Отан үшін отқа түсуге дайын болыңдар деп ағынан жарылды. Ардагер шекарашы Асхат Сатыбалдиев өзінің өмір жолынан естеліктер айтып, жастарды жігерлендірді.

Барлық мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары, «Жас сарбаз» клубының белсенділері қатысқан шарада «Ел байрағын желбіреп, Қазақстан Республикасының мәртебесін биікке көтеріп, елге қорған бола отырып, әскери борышты мінсіз атқарып, берген анттарына берік болыңдар» деген тілектер жауды. Әскери борышын адал атқарып қайтқан жігіттерге алғыс хаттар табыс етілді. Шараның соңы «Жазерке», «Арзу» ансамбльдерінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…