Басты бет Басты ақпарат 120 пәтердің кілті табысталды

120 пәтердің кілті табысталды

0
2,168

Конституция күніне орай Есік қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 120 пәтерлі  көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

 

Бүгінгі салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары  Нұржан Құдайбергернов бірқатар  көпбалалы аналарға, жас мамандарға, үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарына пәтер кілтін табыстады.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді күн тәртібінен түсірген емес. Міне, бүгін Конституция күні  қарсаңында «Капстройгрупп-Т» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі салған көпқабатты тұрғын үй кешенінің пәтерлері өз иелерін тапты, – деді Нұржан Кеңесұлы.

Облыс әкімінің орбасары Нұржан Құдайбергернов пен аудан әкімі Алтай Досумбаев тұрғын үйдің лентасын қиды. Дәмі кетпеген дәстүріміз бойынша шашу шашылып, пәтер есіктері ашылды. Аталмыш тұрғын үйдің инфрақұрылымы толықтай ретке келтірілген. Жарық тартылған, судан тапшылық жоқ. Жылу мәселесі де шешілген. Аталған үй сатып алу құқығынсыз жалға берілген.

«Бұл – біз үшін зор қуаныш. 2012 жылдан берні үй кезегінде тұрдық. Басымызда бір пәтер болса екен деп армандаушы едік. Міне, бүгін сол арманымызға қол жеткіздік. Айбарлы Ата Заңымыздың мерекесі құтты  болсын!», – дейді жаңадан пәтер алып қуанышқа кенелген Руслан Мұсаұлы.

Е.АСЫЛ

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бақытты отбасы» жобасы аясында Салтанат Ермұхаметова тұрғындарға көмек көрсетті

Аудандық мәслихат депутаты Ермұхаметова Салтанат Ешмұхаметқызы «Бақытты отбасы» …