Басты бет Саясат Алматы облысына Мәжіліс депутаттары келді

Алматы облысына Мәжіліс депутаттары келді

0
1,485

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Алматы облысына іссапармен келді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Максим Рожин мен Мақсат Толықбай арнайы келді. Ондағы негізгі мақсат келелі жиын өткізіп, тұрғындармен байланыс орнату.

Олар 10 күн бойы өңірдегі 7 аудан мен Қонаев қаласын аралап, тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтаждарын тыңдайды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасы Қуат Байғоджаев Мәжіліс депутаттары барлық аудан, қалада 40-тан астам кездесу өткізіп, қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылатынын жеткізді.

«Қоғамдық қабылдаулар кестесі партия филиалдарының әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланған. Сонымен қатар алдағы уақытта Жол картасына енгізілген жобалардың іске асырылу барысы да талқыланады», – партия филиалының төрағасы.

Айта кету керек, қазіргі уақытта халық қалаулылары Еңбекшіқазақ ауданында өңір жұртшылығымен кездесуді бастап кетті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…