Алматы облысының әкімдігі Алматы облысы әкімінің «Заңғар» жастар сыйлығына байқау жариялаған болатын. «Заңғар» сыйлығы шығармашылығы, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. Байқау 10 номинация бойынша өтті. «Үздік жас мемлекеттік қызметші»; «Үздік жас дәрігер»; «Үздік жас ұстаз»; «Үздік жас спортшы»; «Үздік жас журналист»; «Үздік жас кәсіпкер»; «Үздік студент»; «Үздік волонтер»; «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы». Әр ауданның кіл мықтылары өздерінің жетістіктері мен шығармашылық шыңдарын ортаға салды. Дәрігер деген қасиетті мамандық иесін таңдаған біздің жерлесіміз Ризайдинов Саид Пайзулламұлы «Үздік жас дәрігер» атанды облыс деңгейінде. Бұл – үлкен жетістік. “Жүлдең құтты болсын!” дейміз Саид дәрігерге.
№1 Шонжы орта мектебін аяқтаған соң жүрек қалауымен Қазақ-Ресей медициналық университетінің жалпы медицина факультетіне оқуға түседі. 2018 жылы бакалавр, 2020 жылы интернатурасын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын Шарын ауылдық ауруханасында терапевт дәрігер болып бастаған. Бүгінгі таңда аудандық емханада терапевт дәрігер болып денсаулық күзетінде аянбай еңбек етіп жүр. Жұмысың жемісті, жүлдең басқаларға жұғысты болсын!
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент өңірдегі құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында су тасқынынан з…