Басты бет Жолдау Жаңа Қазақстанға жаңа қадам

Жаңа Қазақстанға жаңа қадам

0
298

Биыл барыс жылы босағамыздан аттай салысымен елді елең еткізер жаңалықтар мен үрей мен үміттің арасындағы оқиғалар тосыннан орын алып жатты. Жыл басындағы қасіретті қаңтар оқиғасы еліміздегі бірқатар тұншығып жатқан шындықтардың бетінің ашылуына түрткі болды. Сонымен қатар елімізде үлкен саяси-экономикалық реформаның жасалуының қажет екендігін нақты дәлелдеп бергендей болды. Осылайша биліктің тізгінін мықтап ұстаған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аздаған уақыт ішінде бірқатар тарихи шешімдер қабылдап, ауқымды өзгерістер жасады. Осы өзгерістердің бірі ағымдағы жылдың 16 наурыз күні Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауындағы айтылған бастамалар мен берілген тапсырмалар нағыз халықтың көкейінде жатқан түйткілді мәселелермен тұспа-тұс келді. Елдің аманатын арқалаған ел Президентін өзінің туған халқының жарқын болашағы мен ел ертеңінің еңселі болуы қатты алаңдататындығын анық аңғардық. Сонымен қатар бүгінгі жаңа Қазақстанға жаңа қадам жасап бара жатқан билік халықтың үніне енді жақсылап құлақ түріп келе жатқандығы айқын көрініс берді. Бұл Жолдауда баршамызды қуантатын Президентіміздің нақты шешімдері мен ұтымды ұсыныстары айтылды. Еліміздің тарихы ұрпақ санасында сайрап тұруы үшін, ел мен жердің тарихи атаулары қайта жаңғыруы үшін ел тағдыры шешілген ұлы жиындар өткен Жезқазған өңірінен Ұлытау облысының, Алаш арыстарының басын қосқан Семей өңірінен Абай облысының құрылатындығын, сондай-ақ Алматы облысы екіге бөлініп, оның біреуі Жетісу облысы болып аталатындығын айтты. Жаңадан құрылатын Алматы облысының орталығы ретінде Қапшағай қаласын белгілеп, көпшіліктің ұсынуымен оның атына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың атын беруге дайын екендігін де жеткізді. Осы орайда өз сөзінде «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз» деп айқындауынан Ел Президентінің төл тарихымызға деген асқан жауапкершілігі мен қамқорлығын аңғардық.

Елдің үнімен үндесіп, халықтың ойымен ойы ұштасқан Президентіміздің жаңа Қазақстан құруға бағытталған жаңару мен жаңғыру жолын баршамыз қолдаймыз және қандай жағдай болмасын елімен бірге болатын осындай кемеңгер көшбасшымызбен біз де әрдайым біргеміз!

Ақжол НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының қызметкері    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…