Арынды ақын мен қарымды қаламгерлерді есепсіз дүниеге әкелген Қарадаланың топырағын қасиетті демей не дерсіз? Оларды санамалап отыруға әсте мүмкін емес. Бірақ осы топырақтан түлеп ұшқан әрбір жанның жетістігі біз үшін мақтаныш. Алаштың абыройының артуына қосқан үлесі біз үшін мәртебе. Ендеше Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында Қарадала жұртшылығынан сүйінші сұраудың тағы бір сәті түсіп тұр.
ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Ділдәр Мамырбаева Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Осыған дейін ауданымыздан шыққан Нұрлан Оразалин, Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан, Патигүл Махсатовалар иеленген жоғары марапат иелерінің қатарын енді Ділдәр Жанысбайқызы толықтырды. Қырғызсайда дүниеге келіп, бүгінде проза саласында өз сүрлеуін салған жазушы апайымыз балалар әдебиетінің өркендеуіне де өз үлесін қосты. Ділдәр апайымызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Тәуелсіздік жылдарында әдебиетіміздің дамуына қосқан зор үлесіңіздің жемісі бұл марапат. Марапатыңыз құтты болсын!
***
Егемен еліміздің дамуына, өркендеуіне әркім өз шама-шарқынша үлес қосып келеді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші кез келген саланы бірлік болғанда ғана белгілі бір деңгейге көтеруге болады. Уақыт тезінен қалмай, атқарған жұмыстың нәтижесін көру үшін сол саланың өз майталмандары, өз үздіктері болады. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын әр қазақстандық өз жетістігімен қарсы алды. Ең үлкен сала білім мен денсаулық деп жатамыз. Мұғалім мен дәрігердің еңбектері өлшеусіз. Міне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен білім саласында ұзақ жылғы ұстаздығы мен мемлекеттің алдында сіңірген еңбегі және ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін жаңашыл ұстаз саналатын Дардамты орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі ШОЛАҚОВА Бибігүл Төленқызы марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын дейміз. Сіздің бала тәрбиесіндегі, оған білім берудегі еңбегіңіз өлшеусіз. Сіз шәкірттеріңізбен мақтана алатын, үлкен әріппен атыңыз жазылатын нағыз білім бағының бағбанысыз. Марапатыңыз құтты болсын!
***
Оның өлеңі адамдардың жанын емдейді, арын тазалайды. Оның өлеңі тарих пен рухты тірілтеді. Оның өлеңі рухани дүниеңді жаңғыртады. Ол өлең кімдікі дейсіз ғой, біздің Бақыт Беделхандікі.
Беделханы қазақтың,
Мұндай адам аз-ақ тым.
Ақынның үнін бір естіп,
Арымның кірін тазарттым, – деп өкшесін басып келе жатқан ақын інілері оның өлеңінен нәр алады, өмірлік ұстанымдарын соның поэзиясымен қалыптастырады. Біз Бақытпен мақтанамыз. Ол ерекше жаралған ақын, өлең өріндегі өзгеше құбылыс. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жарлығымен Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, еңселі ақын, есті ақын Бақыт Беделханұлы «Ерен еңбегі үшін» және «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Жерлесіміз үшін қуаныштымыз. Сенің шығар биігің әлі алда, Бақыт. Асуларды бағындырып, өлең деген киелі дүниенің кілтін дәл тауып, еліңе, халқыңа нағыз Бақыт сыйлайтын Бақытсың сен! Марапатың құтты болсын!
***
Адам жанының арашашысы саналатын ақ халатты абзал жандар туралы соңғы екі жылда тек ыстық лебіз бен алғыс сезімдер айтылуда. Басың ауырып, балтырың сыздағанда, жаныңды қоярға жер таппай кеткенде жүгінетін жерің, баратын орның дәрігердің алды. Олар адам саулығының сақшылары. Пандемия басталғалы дәрігерлерге деген көзқарас, оларға деген құрмет арта түсті. Себебі нағыз қауіпті аймақта жандарын шүберекке түйіп, халықтың амандығы үшін өз өмірлерін тайталасқа түсірген де ақ желеңді абзал жандар. Аудандық орталық аурухананың директоры Елікбаев Айдын Молдашұлы мемлекеттің алдында сіңірген еңбегі және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегi үшiн» медалiн кеудесіне тақты. Ол хирургтік қызметі үшін берілді. Лайықты марапат, лайықты құрмет. Айдын Молдашұлы, елге еткен еңбегіңіздің жемісі бұл! Құтты болсын! Шипалы қолыңыз сырқатты емдеуден, адал жүрегіңіз оларға жылулық сыйлаудан шаршамасын!
***
Мустәқиллик мәйрими һарписида көплигән жутдашлиримиз мукапатлинип, әмгиги мунасип баһаланди. Шуларниң бири, исми наһийә хәлқигә яхши тонуш әл оғлани – Алимҗан Һашимов. Исми гезитимиз бәтлиридин чүшмәйдиған Алимҗан Тохтиоғли – тиҗарәтчи, наһийәлик мәслиһәтниң депутати, шундақла яхшилиқ қилиштин ялиқмайдиған жүриги кәң, мәрт-мәрданә инсан.
«Яхшилиқ йәрдә қалмайду» дәп конилар бекар ейтмиғандә. Мустәқиллигимизниң 30 жиллиғи һарписида көплигән инсанларниң ақ дугасини алған Алимҗан Һашимов елимизниң гүллиниши үчүн төккән тәри, иҗтимаий-ихтисадий тәрәққиятиға қошқан үлүши вә узун жиллардин буян әмәлгә ашуруп келиватқан изгү ишлири үчүн Қазақстан Җумһурийитиниң «Шапағат» медали билән мукапатланди. 1993-жили бәлгүләнгән «Шапағат» медали билән Қазақстан Җумһурийитиниң хәйрихаһлиқ билән шуғуллинидиған гражданлири тәғдирлиниду. Шундақ екән, бу қетимму медаль нәқ егисини тапти десәк мубалиғә болмас. Сөз ахирида, редакциямиз тәһрирати намидин Алимҗан Тохтиоғлини мукапити билән тәбрикләп, алда техиму чоң пәллиләрдин көрүнүшигә тиләкдашлиқ билдүримиз!
***
Мәдениет – ұлттық мәйегіміз. Тәуелсіздіктің 30 жылында бұл салаға да көп көңіл бөлінді. Ауданымыздағы қос ансамбльдің жағдайы жақсарды. Өткен жылы ауданымызда «Қарадала» халық театры ашылып, өнер айдынына тағы бір алып кеме жол тартты. 30 жылдық тәуелсіздігіміздің торқалы тойында бұл ұжымның мүшелері де назардан тыс қалмады. Нақтырақ айтсақ, «Жазерке» ансамблінің жетекшісі, «Қарадала» театрының белді әртісі, бар ғұмырын өнер жолына сарп еткен Жанбаева Әлия Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ауданның мәдениет саласында өзіндік соны із қалдырып, өнердің ыстығы мен суығына көніп, талай жыл еткен еңбек пен төккен тердің жемісі ақталды деген сөз. Әлия Аблезқызының еңбегін ұжымдастары әрқашан жоғары бағалайды. Бұл – қарадалалық өнер ұжымының егемендік алғалы бергі ең үлкен марапаттарының бірі. Ендеше Әлия Аблезқызына лайым абырой биігінен таймай, өнер жолындағы өз ізіңіз өзгелерге үлгі болсын демекпіз.
***
Мустәқиллигимизниң шанлиқ 30 жиллиғи һарписида наһийәлик мәркизий дохтурхана баш дохтуриниң орунбасари Әнвәр Рашитов «Nur Otan» партияси Сәясий Кеңиши Бюросиниң №017-қарариға мувапиқ «Nur Otan» партияси рәисиниң биринчи орунбасари Бауыржан Қыдырғалиоғли Байбекниң «Белсенді қызметі үшін» төш бәлгүси билән мукапатланди.
Яш болсиму баш болуп, чоң утуқларни қолға кәлтүргән саламәтлик сақчиси 13 жиллиқ әмгәк йолида йемишлик хизмәт қилди. Педиатр (балилар дохтури), реаниматолог, неонатолог вә 8 жил мабайнида директорниң орунбасари болуп ишләп, өз кәспиниң маһири сүпитидә тонулди. Қизиғидин қийинчилиғи мол кәсипниң җавапкәрчилигидин чиқип, хәлиқниң үмүтини ақлап, Мустәқил Қазақстанниң саламәтлик саһасиниң тәрәққияти үчүн һардим-талдим хизмәт қиливатқан ақ халат егисиниң әмгиги һиқәқәтән махташқа мунасип дәп билимиз. Шундақла, редакциямиз тәһрирати намидин Әнвәр Пидажаноғлини новәттики мукапити билән тәбрикләп, алдики ишлириға техиму чоң утуқларни тиләймиз!