Басты бет Заң және қоғам ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА…

ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА…

0
1,236

Жуырда «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жоспарлы отырысы өтті.

Кеңес отырысына облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Салықова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқарма басшысы Жеңіс Андабеков, партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, басқарма, департамент басшылары, аумақтық партия филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалары, аудан, қала әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті облыс бойынша 2021 жылдың I жарты жылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тұрғындардың алған қызметтеріне қанағаттану деңгейін арттыруға қатысты жүргізілген жұмыс бойынша Кеңес мүшелеріне  ақпарат берді. Сонымен қатар, отырыста аталған мәселе бойынша Талдықорған қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. Серік Базарбаев, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы Сұлтан Исламовтар есепті баяндама жасады.

Жиын соңында Кеңес мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға қатысты нақты ұсыныстар қабылданды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ  АГЕНТТІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…