Басты бет Сайлау 2021 Жылы жүзді жүздесу

Жылы жүзді жүздесу

0
342

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында депутаттыққа үміткер Әлия Ақжолтаева мен Бибігүл Абдиловалар сайлаушыларымен кездесу өткізді. Олар ең алдымен өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының алдағы мақсаттарын айтып шықты. Бетпе-бет кездесу болғандықтан карантин заңдылықтарын сақтай отырып, адамдар арақашықтықты сақтап отырды. Дей тұрғанмен болашақ депутаттарға көпшіліктің қояр сұрағы көп екен. Олардың көбісін мазалайтын мәселелер әйелдердің зейнет жасының төмендеуі, жастардың баспанамен қамтылуы, көп балалы аналардың кезексіз жер алуы, есепте тұрған сырқат жандардың дәрілерді ақысыз алулары сияқты күнделікті көбімізді мазалайтын сұрақтар екен. Бұл Әлия Ақжолтаеваға қаратыла қойылды. Карантин кезіндегі оқу жүйесіндегі қиындықтар жайлы Бибігүл Байжұмақызына да біраз сұрақтарға жауап беруге тура келді. Әлемдік пандемия кезінде қазіргідей олқылықтардың орын алатындығы заңдылық. Одан сабырлылықпен, шыдамдылықпен шығуға болатындығын, бұл күндердің де артта қалатындығын түсіндірген депутаттыққа үміткер алдағы күндердің тек жақсылыққа толы болатындығына сендірді. Сайлауға түскен үміткерлер партияның жақсылығын айтып, бас партияға дауыс беруге шақырды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…