Басты бет Сайлау 2021 ПАРТИЯНЫҢ КҮШІ БІРЛІКТЕ

ПАРТИЯНЫҢ КҮШІ БІРЛІКТЕ

0
412

Туған жеріңнің күн санап өркендеп өсуін халықтың әлауқатының жақсаруынан, экономикалық дамуынан көруге болады. Әрине қанша адам болса сонша ой-пікір болатыны даусыз. Олай болмаса өмірдің мәні де болмақ емес.
Әңгімені бұлай бастауым, өткенді електен өткізбей, қол жеткізген жетістікті бағаламай, тек жақсы өмірді армандау, алға қойған мақсаты жоқ, уайымсыз, қайғысыз, санасыз адамның тірлігі болса керек. Барға қанағат етіп, сабырлықты ту етіп, алға арман мақсатын анық қойған адам ғана жетістікке жететіні сөзсіз. Өткенді еске алмай болашағымыздың бұлыңғыр болары сөзсіз. Сондықтан кеше қандай едік деген сұраққа жауап беріп көрсек.


Кеше:
Егемендіктің туы желбіреген алғашқы жылдары егеменбіз, еркінбіз деген сезіммен бірге экономикалық қиындықтар туындағаны баршаға мәлім. Сол мезетте тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев мұндай қиындықтардың болатындығын жасырмай, елді бірлікке, сабырлыққа шақырды. Тойып тамақ жей алмай, балалардың үстіне жөнді киім ала алмай, бір сабынға бір қойды айырбастаған күндерді де өткердік бастан. (Тек 1997 жылы алғаш рет «Қазақстан 2030» бағдарламасын жария етіп болашағымыздың жарқын болатындығына алғашқы қадам жасады). 130-дан аса ұлтты бір үйдің баласындай ұйыта білді. Сол кездегі уақыттың талабы Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрды. Оны да сан саққа жүгіртетіндер табылып жатыр. Дей тұрғанмен Қазақстан халқының ауызбіршілігінің арқасында, «Елбасы біреу, халқы оған тіреу» атты қағиданы берік ұстана отырып, береке, бірлігімізді сақтай отырып болашаққа үмітпен қарадық.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өндірістер тоқтап, өнеркәсіп шатқаяқтаған, колхоз бен совхоздар жекешелендіріліп халықтың біраз әбігерге түскен мезгілі де артта қалды.
Күндіз білінбегенімен кеш түсе салысымен қою қараңғылық адамды жұтатындай болып көрінетін. Қарадала төсінде тұрсаң тауың қайда, ойың қайда екендігін ажырата алмайтынсың, электр жарығының қат кезі.
Мына бір көрініс аға буынның есінде болар, көше бойында бірнеше шамның әлсіз жарығы жылтырайтын. Онда да қолы жеткендер малшы шамын (чабанская лампа) пайдаланатын. Бұл Шонжы ауылындағы Никольский базары деп аталатын, бүгінгі Кинтал Исламов пен Аппазов көшесінің қиылысындағы сауда жасап тұрған кәсіпкерлердің сол кездегі тірлігі еді. Талдап (даналап) темекі, сабын, балаларға шоколад, сіріңке тағы басқа ұсақ-үйек сатылатын. Сонда халықтың темекіні қораптап алуға да мүмкіндігі болмағаны ғой, сірә…
Бүгін оның бәрі ұмытылған. Қара-дала төсіне шыға қалсаң, түннің өзі жарқыраған күндей жап-жарық. Жаның ләззат алады. Тау бөктерінде орналасқан әрбір ауылды жаңылмай танисың. Арасан елді мекенінде орналасқан демалыс үйлерін құдды бір қала дерсің. Заманауи сұлулықпен салынған. Құс фабрикасы өз алдына үлкен әңгіме арқауына тұрарлық. Шонжы ауылы түбегейлі өзгерген. Ары-бері жүрген автокөліктен шаңға көмілетін көшелер асфальтталған, тұрғындар көп жүретін көшелерде жаяу жүргіншілер жолы қоса жасалған. Халық өзіне қажетін бұрынғыдай көшеде тұрған саудагерлерден емес, сән-салтанаты жарасқан сауда орталықтарынан іздеуде. Онда барлық жағдай бар. Айналаңда қымбат көлік мінген, сәнді киім киген адамдарды көресің.
Осындай жетістікке Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылғы «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жол ашып, алға қойған міндеттердің толық орындалуына байланысты 2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстан -2050» стратегиясы ХХІ ғасырдың екінші онжылдығына ғана емес, ол ұлттық тарихымыздағы жаңа дәуірдің қақпасын ашты. Жаңа бағыт – 2050 озық отыз елдің қатарына қосылу мақсаты негіз болды.
1999 жылғы 10-шы қаңтардағы Президент сайлауынан кейін «Отан» республикалық партиясы құрылды. Партияның бірінші съезі сол жылы наурыз айының 1-ші жұлдызында өтіп, төрағасы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Сол күннен бастап партия Елбасының барлық бастамалары мен игі істердің жүзеге асуына жүйелі жұмыс істеп келеді. Осы жылдар аралығында заман талабына сай атауына өзгерістер енгізілуіне қарамай, партияның мақсат мүдесі тек халыққа қалтқысыз қызмет көрсету болып келеді.
Елбасының сөзімен айтқанда, «Нұр Отан» партиясы қоғамның барлық сұраныстары бойынша дереу әрекет ететін біріктіру-ші, жауапты әрі халықтық саяси ұйымға айналды. Бүгінгі таңда партия Парламентте басымдыққа ие, Үкіметті қалыптастырып жергілікті өкілді органдарда басым болып отырған, саны жағынан ең ірі саяси ұйым және саяси жүйенің басты элементі болып табылады.
«Nur Otan» партиясы нағыз халықтың партиясы екендігін дәлелдеді. Ел басына қиындық туған кезеңде алдыңғы шепте нұротандықтар жүрді.
Қызылағаш, Арыс, Мақтарал оқиғаларында алғаш болып көмек қолын созған осы партия десем артық айтқандық емес. Ал бүкіл дүниежүзін тәжтажал «COVID-19» пандемиясы кезінде Елбасымыздың бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы халықтың қасынан табылды. Бұл бүгінгі күннің көрінісі.
Алдағы уақыттан не күтеміз?
Өткен кезеңдерде сайлауалды бағдарламалар жалпылама жасалғандықтан, көп мәселе жіліктеп қаралмайтын. Кез келген азамат бағдарламада көрсетілген жұмыстарды әйтеуір бір жерде, тек бізде емес деп қабылдайтын. Биылғы жылы жасалған сайлауалды бағдарлама әрбір өңірге, әрбір елді мекенге жеке-жеке қарастырылған.
Партияның негізгі алға қойған мақсаты – тұрғындардың үміттерін қанағаттандыру үшін барлық шараларды қабылдай отырып, халық пен билік арасындағы дәнекерлікті күшейту.
Еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігі, еліміздің өркендеуі, әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты жолында жұмыс істейтініне сенімдімін.
«Әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, көшбасшы саяси күші бар партиялық жүйе жаңғыруда, жеделдетуге көшкен мемлекеттің мәселелерін шешуге неғұрлым қолайлы. Көшбасшы елдердің отыздығына апарар жолда тек қана ірі, күшті жалпыұлттық орталық партия ғана саяси биліктің және үдемелі ұйысуын қамтамасыз ете алады», – деп Елбасымыз, партия төрағасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «Nur Otan» партиясы дамудың тұрақтылығы мен жалғастығын қамтамасыз еткен, өзекті саяси институты бір жүйе құратын құрылым бола алды.
Алдағы 5 жылда экономикасы дамыған, халықтың әлеуметтік жағдайы тұрақталған, білімі мен біліктілігі, мәдениеті мен сән салтанаты келісті ортаны көретін боламыз. Оған толық сенімдімін.

Нұрәкім ЕСЖАН,
аудандық мәслихат депуттығына үміткер

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…