Үгіт-насихат жұмыстарының жалғасы ретінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Анар Дүйсенбайқызы мен Муслим Амангелдінің мемлекеттік қызметкерлерімен өткен кездесуін айтуға болады. Үміткерлер мемлекеттік қызметкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алда атқарар жұмыстарына тоқталып өтті.
«Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметті орнықтырмасақ, өркендеген Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі басты мақсатымызға да қол жеткізе алмаймыз. Бұл орайда мемлекеттік қызметшінің абырой-беделін сақтау маңызды. Сіздер реформалардың бел ортасында жүрсіздер. Еліміздің табысқа жетуі мен гүлденуі көп жағдайда сіздердің жемісті жұмыстарыңызға байланысты» деген еді «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Елбасымыз еліміздің мемлекеттік қызметшілері турасында. Шынымен де, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуінде мемлекеттік қызметкерлердің қосқан үлесі зор. Кездесу барысында Анар Дүйсенбайқызы «Nur Otan» партиясының алдағы сайлауалды бағдарламасындағы жеті басымдықтың бірі дәл осы мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қатынастың жаңа сипатын қалыптастыруға арналғандығын сөз етті.
Тұщымды ой, маңызды пікір мен орынды ұсыныстар айтылған бас қосуда партияның беделі артып, сайлауалды штабының жұмысына зор сенім арқаланды.
Сабирәм
ӘНВӘРОВА