Басты бет Сайлау 2021 Нұрлы жолды «Nur Otan»

Нұрлы жолды «Nur Otan»

0
498

Күні кеше ғана аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Мәулен Нұров, Жамал Оқаева, Бибігүл Абдилова, Гүлзат Орынбаевалар «Nur Otan» партиясының атынан насихат жұмыстарымен Шарын ауылына барып қайтты. Карантин кезі, барлығы онлайн өтсін деген бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бар десек те, мынандай науқан кезінде ауылдағы азаматтармен кездесіп, арқа-жарқа әңгімелесу де бір ғанибет. Көпті көрген ақсақалдардың қолын алып, бетпе-бет әңгі-мелескенге не жетсін. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталғалы
біраз шаруаның басын қайырған нұротандықтар шарындық еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы, партияның белсенді мүшесі Тохтахун Курбановтың шаңырағына барып, қарттың хал-жағдайымен танысып қайтты. Еңбекпен шыңдалған, бас пайдасынан гөрі елінің қамын көп ойлайтын қария алдағы сайлаудың мән, мақсатын сұрады. Мәулен Мұқажанұлы оның барлық сұрағына тұщымды жауап қайтарды. Сондай-ақ партияның осы уақытқа дейін атқарған жұмыстарынан хабардар етті. Бастарынан ыстық, суық өткен, қиындықпен қатар егемен елдің жақсылығын да молынан көрген қария алдағы тәуелсіздік күнімен барша аудан жұртшылығын құттықтап, партия атынан келген азаматтарға ақ нанын ұсынып, аталық батасын берді. Алдағы сайлауда топ жарып, «Nur Otan»ның бағы жанатындығына сенімін білдірді. Насихат тобы қарияның үйінен қанаттанып шықты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

САЯСИ НАУҚАН ЕРЕКШЕ

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қарсаңында ел ішінде сайлауалды науқан басталды. Ауданымызд…