Басты бет Басты ақпарат ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ

ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ

0
1,295

Бүкіл әлем күресіп жатқан Covid – 19 вирусы біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Жұрт болып қатерлі індетпен күресіп жатқанымызға да бір айдан асыпты. Коронавирус жұқтырған жандардың саны сағат санап өсіп жатқандықтан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин уақытын сәуір айының аяғына дейін созып, қазақстандықтарды қатерлі індетпен бірге күресуге шақырды. Осындай сын сағаты туған шақта қарапайым халықтың үлкен көмегі – қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп, вирустың таралуын тежеп, шыдамдылық танытып үйде отыру екендігі баршаға мәлім.

 

Десе де бұл сынақ-тың салмағын сезінбей немқұрайлылық танытып жатқандар да жетерлік. Мәселен аудан тұрғындарының басым бөлігі күнделікті керек жарағын алу үшін көшеге шығып, дүкен аралауларын қояр емес. Ең өкініштісі аудан орталығында орналасқан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды саудалайтын «Asar», «Саяра», «Ярлин» сынды супермаркеттердің төтенше жағдай кезіндегі қатаң ережелерді ысырып қойғандығы.
Темірдей тәртіппен ғана үлкен кеселдің алдын алатыны-мызды ескеріп
Президен- тіміз 15 наурыздағы Жарлығын-да, дүкен әкімшілігі кемінде бір метр қашықтық-ты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу қажеттігін қадап айтқан болатын. Бірақ жоғарыда аталған үш дүкенге де бас сұғып, онда тәртіпке бағынып кезекте тұрған халықтың жоқ екендігіне көз жеткіздік. Есесіне дүкеннің іші тұтынушыларға лық толы.
Сауда объектілерінде бекітілген ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрық шықса да, үш бірдей дүкеннен келушілер мен санитарлық талаптарды қадағалап тұрған бірде бір қызметкерді көрмедік. Сол үшін де тұрғындар медициналық бетпердесіз, арнайы қолғапсыз дүкен ішіне оп-оңай еніп саудасын жасап жүр. Осы тұста өзі мен өзгенің өміріне немқұрайлылықпен қараған азаматтарға таңғаламыз. Ал әрбір дүкенде болуы тиіс қолды тазалауға арналған микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты тек “Ярлин” дүкенінен ғана байқадық.
Дүкен қожайындарына бұл күндері ұлт саулығынан бұрын, ақшаның қадірі артық сияқты. Аталған дүкен қызметкерлерінен «Әрбір үш сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үстелдерді, орындықтарды, тұтқалар мен есіктерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?» деп сұрағанымызда бұл ережелерді бұлжытпай орындап жүргендерін және оны құзырлы органдар тексеріп жатқандығын жеткізді.
Сұрастыра келе төтенше жағдай кезінде жұмыс істеп жатқан дүкендерде талаптардың орындалуын қадағалау «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Ұйғыр аудандық филиалына жүктелгендігін білдік. Аталған мекеменің директоры Муслим Амангелдіге орын алып жатқан тәртіпсіздік туралы баяндағанымызда, өз тараптарынан барлық ережелер егжей-тегжейлі түсіндірілгенін, дүкен қожайындарының талаптарға сәйкес жұмыс істеуге келісім бергендігін айтып, ақталғандай болды.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген сөзді батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған. Көршілес Қытай елінің кеселді темірдей тәртіптің арқасында ғана жеңгенін ескеріп, Президент Жарлығымен жарияланған талаптарын терең түсінсек, сезінсек, біз де аты жаман аурудан арыларымыз сөзсіз. Бірақ қоғамымызда «қап» дейтін жағдайлар көп. Себебі көбіміз бұл ауруға бейжай қарап, карантин талаптарына мән беріп жүрген жоқпыз.
Жаман айтпай жақсы жоқ, бұл бұрынғыдай алаңсыз жүретін уақыт емес. Қазір тастүйін жұмылатын, сақтанатын кез. Сол себепті қарапайым халық та, оған қызмет жасап жатқан кәсіпкерлер де жауапкершілікті сезінсе екен дейміз. Жақындарыңыздың өмірі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Өзіміздің және өзгелердің өмірін қатерге тікпейік!

Ынтызар
БЕРЕНБАЕВА

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…