Басты бет Заң және қоғам «Автобус» жедел-прафилактикалық шарасы өтті

«Автобус» жедел-прафилактикалық шарасы өтті

0
1,644

Аудан
аумағында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілер арасында
жол жүру ережелерін сақтау тәртібін қадағалау мақсатында Полиция бөлімінің жеке
құрамы барынша жұмыла отырып «Автобус» жедел-прафилактикалық шарасын өткізді.

Жедел-профилактикалық
іс-шара барысында басты назар жүргізушілер тарапынан жол жүру ережелері
бұзушылығын анықтауға аударылды. Жедел-профилактикалық шараны қадағалау мен
басшылықты жүзеге асыру үшін жедел Штаб және жұмыс тобы құрылып, АПБ бастығының
бірінші орынбасары полиция подполковнигі М.Құнанбаев пен басқа да қызметкерлер
жұмыла жұмыс жасады. Автожолдарда жасақтардың саны көбейіп, тәуліктің түнгі
уақытында патрульдік полиция жұмысы күшейтілді.

Жұртшылық
және көліктік бақылау инспекциясының өкілдері есебінен жолаушыларды заңсыз
тасымалдаушыларды анықтау мақсатында бірлескен мобильдік топтар құрылды.

Сондай-ақ
балаларды оқу мекемелеріне тасымалдайтын автобустардың техникалық жай-күйі
тексерілді.

Өз тілшіміз

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы айқы…