Басты бет Рухани жаңғыру Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және тіл мәдениеті

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және тіл мәдениеті

0
1,304

Қоғамдағы әрбір жаңалық – еліміздің болашағы толғандыратын, өзінің,
отбасының келешегін ойлайтын әрбір адамға маңызды деп есептеймін. Кейінгі
уақытта қоғамдық өмірдегі үлкен талқыға түсіп отырған тақырыптың бірі – латын
әліпбиіне көшу мәселесі.  Латын
әліпбиіне көшу – Елбасының аса бағалы бастамаларының бірі және дер кезінде
қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам.

          Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған
мемлекеттердің көшінен қалмау үшін латын алфавитін үйренуі, меңгеруі, оқытуы
және сол алфавитке көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр. Жаңа
әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.
Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен  жаңа технологиялардың тілі. Латын әліпбиі
рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Латын әліпбиінде
жазатын, оқи алатын жандардың   кез келген
ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздерді танып, ұғынуға
жеңіл болатыны айтпаса да түсінікті болып отыр.    

Қазіргі таңда латын
графикасын  әлем халқының 80 пайызы
меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі – латын алфавиті екенін,
әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі,
халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латын әріптерімен жазылатынын
ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. 

Осыған орай   кітапханамызда  оқырмандарға арналған залдарда латын тілін
үйретуді ұйымдастыру қолға алынып отыр. Латын әліпбиіне көшу бағдарламасы
басталғалы бері аудандық және   ауылдық кітапханаларда латын тіліндегі түрлі
іс-шаралар өткізіліп,  көрмелер жасалып,  сұхбаттар жүргізіліп,  тағы сол секілді жұмыстар  арқы­лы Елбасымыздың бағалы бастамасын кеңінен
дәріп­теуді жүзеге асырып жатырмыз. Сол арқылы кітапхананың тарихи  мұрасын сақтап, кітап қорымыздың латын
тілінде толысуын жаңаша бағытпен жұмыс жасауын басты назарда ұстап отырмыз.  Меніңше 
барлық қазақстандықтар ұрпақ болашағы үшін осы реформаны қолдауы керек.
Мемлекеттік әліпби – мемлекеттің тұтастығы үшін қызмет жасайды. Біз болашақ
ұрпақтың дамуы мен көзі ашық көкірегі ояу саналы болып тәрбиеленуін
қадағалаймыз. Олардың өркениетті елдердің тілін тез меңгеруіне осы латын тіліне
көшумен тығыз байланысты екенін естен шығармауымыз керек.

Латын әліпбиі
мәдениеттің өлшемі, сонымен қатар ол – ұлттың таң­басы, елдіктің ай­шығы,
мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын символ­дардың бірі. Бұл
тұрғыдан алғанда таңба таңдау – өркениет жолын да таң­дау деген мағына береді.
Сондықтан осы арқылы Мәңгілік ел мұратын тұ­ғырлы ететін тарихи таңдау жасалды
деп ойлаймыз.

            Аида ТУРСУНОВА, аудандық кітапхана директоры 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…