Экономикалық өсудің пәрменді құралдарының бірі ол – инвестициялық жобалар. Жетісу өңірінде осындай жобалардың іске асырылуы жақсы қарқын алуда. Қазіргі уақытта Алматы облысының қоржынында жалпы құны 5,7 трлн.теңгені құрайтын 306 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Осындай жобалардың көмегімен облыста 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
«Аталған 306 инвестициялық жобаның 9 — ы трансұлттық компаниялар және 44-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Кеше ғана өңірде «Ролтон» брендтік аттымен өз логистикалық және қоймалық инфрақұрылымы бар өнім шығаратын «МаревенФуд» зауыты іске қосылды- деді ол.
Аймақ басшысының айтуынша, аталған зауыттарда өндірілген өнімдердің 80% — ы Орталық Азия елдеріне экспортталатын болады.
Сонымен қатар , Алматы облысының Іле ауданында»WILO» энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Дәл осындай инвестициялық жоба «Лукойл» Ресей компаниясы «ақылды» қойма мен өндірістік желінің толық автоматтандырылған жүйесі өз жұмыстарын бастады.
Барлық кәсіпорындар инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілетін, 6 индустриялық аймақта орналасқан. Мұнда 4,6 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін 49 жоба іске қосылған.
Сондай-ақ. «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы өңірдің экономикалық өсуіне әсер ететін жеке объектілер болып саналады. Оның аумағында 470 млрд.теңге сомасында құрылған 12 жұмыс орны өз жұмысын жалғастырып жатыр.
Айта кету керек, ағымдағы жылы инвестиция өсімі 570 млрд. теңгеден асады деп күтілуде, оның 80-% бюджеттен тыс.