Басты бет Рухани жаңғыру АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

0
1,208

Халықтың жаны – ауыл. Қазақстан халқының 45 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Ауылда туып, туған жердің қадірін білетін әрбір азамат үшін жаңа заман ағымынан қалып қоймай,  ауыл шаруашылығының өркендеп дамуы аса маңызды мәселелердің бірі екені анық, әлемдік деңгейде халықты азық-түлікпен қамту өзекті мәселеге айнала бастаған қазіргі кезеңде сапалы әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге баса маңыз беріліп отыр. 


Ауыл шаруашылығына тән басты белгі – бір немесе бірнеше өнім түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, көлікпен жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласында: «Тек өткен ғасырдың ортасында небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Түгін тартса май шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат ай­мағына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды деген».
Республикамыздың ауыл шаруашылық саласы тәуелсіздік алған жылдардан бастап ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді бастан кешірді. Ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерге деген құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. Еліміздің аграрлық саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасын негізге ала отырып, даму жолына түсті. Бұл орайда ауыл шаруашылық мамандарының кәсіби біліктілігіне деген талап та жоғары. Қазіргі ауыл шаруашылық дамуының жаңа кезеңінде тек кәсіби даярлығы жоғары жұмысшы ғана еңбек ете алады. Қазіргі тракторшы-машинистер өндірістің міндеті мен мақсатын терең түсінумен қатар, білімге, іскерлік пен дағдыға ие болуы керек.
Аграрлық саясат тек қана ауыл шаруашылығын, оның өнімдерін және агробизнестің түрлі салаларын дамытатын саясат емес, ол сонымен қатар халықтың санының өсуіне, елдің қоғамдық өміріне пайдалы әсерін тигізеді. Аграрлық саясат ауыл шаруашылығына және бүкіл агробизнеске, өнімнің бірқалыпты өсуіне, оның әлеуметтік және өзіндік дамуына, болашақта үлкен өнім жетістіктеріне жетуге бағыттайды.
Біздің Политехникалық колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында жыл сайын көптеген механизатор мамандары даярланады. Мұнда оқитын білімгерлер тракторшы-машинист, автокөлік жүргізушісі және техник-механик, тағы басқа мамандықтарға ие болады. Сондықтан болашақ механизаторлардың кәсіби шеберліктері бүгінгі күн талабына және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне сай болуы қажет.
Политехникалық колледжінде жүргізілетін зертханалық-тәжірибелік сабақтар әдетте, арнаулы құрал-жабдықтармен шеберханаларда өткізіледі. Зертханалық-тәжірибелік сабақтарды жоғары дәрежеде өткізу үшін оқытушы сабаққа алдын ала мұқият даярланады, әрбір жұмыс орнын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіп, жұмыстың прогрессивтік әдістерін ұйымдастырады. Зертханалық-тәжірибелік сабақтардың негізгі мақсаты-білімгерлердің теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, машиналар мен механизмдердің құрылысын зерттеу, оларды бөлшектеп жинау, реттеу әдістерін меңгеру. Бөлшектеу, жинау, реттеу жұмыстары кезінде қажетті құрал-жабдықтарды, босатқыш тетіктерді, монтаж құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын үйрету. Бұрынғыдай емес қазір балалардың өз мамандықтарын меңгеру, игеру жолындағы талаптары қуантады. Олар тек қолдарына бір жапырақ қағаз алу үшін емес механика тілін меңгеріп, туған жердің топырағында еңбек ету мақсатын көздеп отыр. Қазір 24 баланы тракторшы-машинист мамандығына баулып отырмыз. Олардан кәсіби шебер маман ғана емес, ауданымыздың көркеюіне үлес қосатын жақсы азаматтар шығады деген сенімдеміз.

Руслан АБДУГАНИЕВ,
Шонжы политехникалық колледжінің өндірістік шебері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…