Басты бет Жолдау БЕТПЕ-БЕТ ӘҢГІМЕДЕН НӘТИЖЕ КӨП

БЕТПЕ-БЕТ ӘҢГІМЕДЕН НӘТИЖЕ КӨП

0
1,488

Аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрәкім Есжан халық қалаулысы ретінде өз сайлаушыларымен кездесіп, биылғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауында айтылған нақты тапсырмаларымен таныстырды. Аудандық аурухананың хирургия және терапия бөлімдерінде ем қабылдап жатқан адамдармен бетпе-бетпе әңгіме-дүкен түрінде өткізген кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауындағы медицина саласына қатысты айтылған міндеттерін санамалап, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығына сүйене отырып, алдағы уақыттарда стационарлық емдеудің біртіндеп қысқаратындығын, оны азайту үшін әр адам өз денсаулығына жоғары жауапкершілікпен қарап, алдын ала профилактикалық тексерулерден өту қажеттігін ұғынықты қарапайым сөздермен жеткізді. Әрине, мұсылман халқы қанымызда бар нәрсе ауруымыз әбден асқынып, өлуге шақ қалғанда дәрігерге жүгінетін жаман әдетімізден арыла алмай келеміз. Сондықтан ауруды болдырмаудың жолын іздеп, өз денсаулығына өздері жауапты күшейткенде стационарда жататын сырқат саны да азаймақ. Елбасының алдағы жылдарға, жалпы медицина саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты мәселелері осы екендігін түсіндірген халық қалаулысы сырқаттар тарапынан түскен сұрақтарға да жауап берді. Учаскелік дәрігерлердің өз уақытында есепте тұрған ауруларына бара бермейтіндіктері, уақыттары жоқтығын сылтаурататындықтары да сөз болды. Оның тәртібі мен ережесін анықтап, тиісті мамандарға жететіндігіне сендірді. Үлкен Ақсу ауылынан емделіп жатқан сырқат ЭКГ аппаратын үлкен ауылдарға қоюға не кедергі және ақысыз алынатын дәрі-дәрмектермен қоса ингаляция аппаратының кешігіп келетіндігі де назардан тыс қалып отырғандығын ескертті.
Денсаулық сақтау мекемесіндегі бөлмелер таза, жылы, төсектер жаңаланғандығын көзімізбен көрдік. Шүкір делік, бұдан біраз жыл бұрынғы уақытпен дәл бүгінгіні салыстыра алмайсың. Жаңалықтар көп-көрім. Хирургия бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Тохтахунов емделушілердің барлығы да дәрілермен толық қамтылғандығын, ота жасауға барлық жағдайдың жеткілікті екендігін түсіндірді.
Халық қалаулыларының халықпен кездесулері осындай сұхбаттасу, пікір алмасу түрінде өтсе көпшілікке тиімдірек болары даусыз. Тек одан депутаттар да, тұрғындар да нәтиже шығарса деген үлкен тілекпен аурухана ауласынан аттандық.

Баян
МАМЫРБАЕВА 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экономикаға басымдық берді. Салық с…