Басты бет Заң және қоғам ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

0
1,221

Ұлт Жоспарының орындалуы барысында қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру негізгі мақсаттардың бірі. Реформаның бағыты  отандық құқықтық саланың ерекшеліктерін ескеріп, еуропалық үлгідегі қылмыстық ізге түсу ұйымдарының іс-тәжірибесін жұмыста пайдалану.

«Қылмыстық-процестік заңнаманы заман талабына сай жетілдіру уақыт талабы. Өйткені заң елдегі құқықтық түйткілдерді шешуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға пәрменді болуы керек», — дейді өз сөзінде Алматы облыстық сотының төрағасы  Таймерденов Мейрамбек.

Қазіргі уақытта қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметін жетілдіру бойынша Заң жобасы дайындалып, түзетулер 7 негізгі бағытты көздеп отыр.

Біріншісі,  қылмыс жасағаны үшін ұсталған азаматты тергеу судьясына жеткізу мерзімдерін қысқарту. Қазақстанда азаматтарды сот санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Екіншісі, электронды қылмыстық іске кіріспе. Қылмыстық процетік кодексіне қылмыстық сот ісін электронды форматта жүргізуге мүмкіндік беретін өзгертулерді енгізу  .

Үшіншісі, сот бақылауын одан әрі кеңейту. Бұл процессуалдық іс-қимылдарды жасырын тергеу әрекеттері қоса алғанда санкция түрінде жасалады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу санкциясы, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімін ұзарту, оған қатысты жасырын тергеу іс-әрекеттері жүргізілген туралы сол адамды хабардар ету прокуратурадан соттарға беріледі

Төртіншісі, азаматтардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстардың, олар бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайтын негіздерінің тізімі кеңейтілді.

Бесіншісі, құқық қорғау органдарымен тергелетін оқиғаның шегінен шығатын дәлелдемелерді жинау практикасы жоққа шығарылады. Дәлелдеу тек, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚІЖК-нің 23 Тарауында көзделген тәртіппен басталып қойған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіле алады.

Алтыншысы,  процестің жарыспалылығын арттыру үшін адвокаттарға тергеу судьясына, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді алмағанда, тергеу әрекеттерін жүргізу туралы өтінішпен тікелей жүгінуге өкілеттілік беріледі.

Жетіншісі, қылмыстық теріс қылықтар бойынша өндіріс, бұйрықтық өндіріс енгізу арқылы онша ауыр емес айқын және елеусіз қылмыстар бойынша өндіріс оңайлатылады.

«Мұндай жаңашылдықтар қылмыстық процессті жеңілдетуге және сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Заңнамада, тергеу судьяларының жүктемесі бірнеше есеге артады, алайда тергеу судьяларының процестік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елдің жоғары сот органымен мамандандырылған тергеу соттарын құру мәселесі қарастырылуда», — деп қорытындылады М.Таймерденов.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…