Басты бет Өңір тынысы КЕМШІЛІКТЕР КЕШІРІЛМЕЙДІ

КЕМШІЛІКТЕР КЕШІРІЛМЕЙДІ

0
918

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтауды түсіндіру, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын алу жөнінде ауыл әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен семинар өтті. Жиынның тізгінін ұстаған аудан әкімдігінің аппарат басшысы Алимжан Хусуров мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында айта келе, аудандағы мемлекеттік қызметкерлер арасында туындаған қателіктердің бар екендігін ескертіп, аталған мәселе бойынша баяндама жасау үшін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік құқық бөлімінің бас маман-заңгерінің міндетін атқарушы Марғұлан Надырхановқа сөз кезегін берді.
Ол облыста өткен мемлекеттік қызметке байланысты жиынның жай-жапсарымен таныстырып, әдеп кеңесінде тәртіптік жаза қолдану бойынша ауданның жіберген қателіктерінің көп екендігін алға тартты. Бұл мәселелер көбіне лауазымды қызметте отырған мемлекеттік қызметкерлердің жіберген қателіктері екендігін де жасырмады. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдерінің атын атап, олардың тәртіптік жаза қолдану кезіндегі кемшіліктеріне де баса мән берді. Әлеуметтік желілерде жүктелген суреттер мен бейнежазбалар облыстық құзырлы орындардың бақылауында тұрғандығын ескертіп, бұған да сақтықпен қарауды тапсырды. Жиында ең басты мәселелердің бірі – жер дауы болды. Бұған себеп – ауыл әкімдерінің, құзырлы орындардың шешім шығару кезіндегі жіберген қателіктері мен заң талаптарының орындалмағандығы. Тіпті қайтыс болған адамдардың атына шығарылған шешімдер де табылған. Осындай салғырттықтардың кесірі мемлекеттік қызметтен шеттетуге, лауазымынан босатуға дейінгі жағдайларға соқтырып отырған көрінеді. Ал аудан әкімі аппаратының персоналдық басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы Майра Молдакенова мемлекеттік қызметкерлер арасында тәртіптік жазаны қолданудың алғы-шарттарымен таныстырды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кеткен кемшіліктер, жіберген қателіктерге сай жазаның қолданылатындығы айтылды. Сөгіс берілген жағдайда ол орталық базада алты айға дейін тұратындығы, қайталанатын болса лауазымынан төмендетіліп, тіпті қызметтен де айырылатындығы ескертілді. Баяндамалардан кейін жиынға қатысушылар сауалдарын жолдап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық, әдеп кодексі сияқты заң баптары қосымша түсіндіріліп, жиын қорытындыланды.

Думан
ТОЙҒАЗЫҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СЫР САҚТАҒАН САРЫТОҒАЙ

Адамзатпенбіргежасасыпкележатқанбірдүниеболса, ол – тарих. Тарих – өткеніңді бағамдатар, с…