Басты бет Рухани жаңғыру АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МЕНІҢ STARTUP-ЫМ 2017» ИННОВАЦИОНДЫ ИДЕЯЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «МЕНІҢ STARTUP-ЫМ 2017» ИННОВАЦИОНДЫ ИДЕЯЛАР КОНКУРСЫ ӨТТІ

0
1,062

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау офисінің директоры Дигай Дамир баяндады. Аталмыш конкурс ЖМУ-дың білімгерлері мен жас ғалымдары арасында өтті. Оған 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Жарысқа 57 өтінім түсіп, 40 стартап-жобасы іріктелініп алынды.

Жобалар экономика, ауыл шаруашылығы, IT технологиялар, физика, тамақ өнеркәсібі, медицина сынды бағыттарды қамтыды. Сонымен қатар, жас ғалымдар әртүрлі инновационды макеттер, жоба үлгілерін және стартап модельдерін ұсынған.

Конкурстың негізгі мақсаты ғылымда дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету.

««Менің StartUp-ым 2017» конкурсына қатысу үшін ең алдымен адамда өзіңдік идея жату керек. Менің жобам «Жетісу тур» деп аталады. Ол Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында жасалған. Оның мақсаты студенттер арасындағы туризмды дамыту, Алматы облысының тарихи әрі әсем жерлерін көрсету. Сондай-ақ, университет қабырғасында туристтік агенттікті құру. Бұл тек ішкі туризмды дамытып қана қоймай, білімгерлерге жұмыс орындарының болуын қамтамасыз етеді», — деді «Жетісу тур» жобасының авторы Сапарова Ажар.

Айта кетейік, жарысты 3 жүлделі орын мен номинациялар бойынша қорытындылады. Олар: «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік бизнес жоба», «Үздік технологиялық жоба», «Ең үздік жас ғалым», «Болашақтың үздік жобасы», «Университеттің үздік инновациялық жобасы» және тағы басқа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…