Қазіргі таңда 11 ауданда газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.Биыл көгілдір отынның іске қосылуы облыс тұрғындары үшін жеңілдік туғызды. Осылайша, облыстың газдандыру деңгейі 23%-ды құрады.
-Табиғи газға өтудің артықшылылығы өте көп. Біріншіден, бұл халықты жылумен қамтамасыз ету үшін ақша үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден, адамдардың күнделікті тұрмыс жағдайына ыңғайлылық туғызады, және ең бастысы, басқа отындармен салыстырғанда экологиялық таза болып келеді, — деді Амандық Баталов.
Айта кетейік, 2020 жылға дейін Алматы облысының 5 ауданы мен мен Қапшағай қаласының 100% газбен қамтамасыз етіледі, ал жалпы өңірде бұл көрсеткіш 45% -ға жетеді.