«Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін болашаққа қарай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды ортаға салуды жөн көрдім», – дейді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында. Иә, «Кереңге құлақ, мақауға тіл, соқырға көз» бітіргендей осы сөзден кейін де көрінгенге жақпай қаламыз ба деп жалтақтайтын үрейлі үркек сезімге беріліп, ең жұмсақтап айтқанда «құлдық санасына» 26 жылда саңлау түспеген көрсоқырлық дер едім.
Ал шындығына келсек, ендігі босбелбеулік қазақ еліне, Қазақстан мемлекетіне сатқындық саналуы тиіс.
Ендеше өз жаныңнан ештеңе шығармай-ақ Елбасының аталмыш мақаласында көрсетілген бағыттарға сай бағдарлама жасап, оны іске асыру «Туған жерің мен туған еліңнің» алдындағы перзенттік парызыңды орындағаның болмай ма?! Әрбір қазақстандық осылай етсе, туған жеріне басқа емес «Біртұтас» ұлттың ұйытқысы, мәйегі қазақтың туын тіккені емес пе?! Сонда ол не істеуі керек?! – десеңіз, бұл сауалдың жауабы Президент мақаласында төмендегідей көрініс тапқанын көреміз.
– Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу;
– білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу;
– Экологияны жақсарту;
– елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру;
– жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштерді және мәдени нысандарды қалпына келтіру;
– туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзенінің тарихын оқыту;
– әрбір жер атауының төркіні туралы аңыздар мен әңгімелерді жинау;
– әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттер туралы деректер жинау;
– басқа аймаққа көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келетін кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау;
– жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.
Құдай-ау бұдан артық және қандай нұсқау керек сізге, әсіресе билікті бауырларға.
Аталмыш рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ ел ертеңі, ұлт тұтқасы болатыны баршаға аян.
Ата-ананың, бауырдың, ағайынның, ауылдың, туған жердің, қауымның қасиет-қадірін білмеген адам – тұтас ұлтқа, тұлға бола алмайтыны ақиқат. Бұған иісі адамзаттың күмәні болмауы керек. Болуға да тиіс емес.
Ендеше, іске сәт, ағайын!
Жәнет КЕРІМҚҰЛОВ,
халыққа білім беру ісінің үздігі
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ
Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұрпақтың парызы. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп…