Басты бет Рухани жаңғыру ҚҰЛАҚТАН КІРІП БОЙДЫ АЛАР…

ҚҰЛАҚТАН КІРІП БОЙДЫ АЛАР…

0
2,154

Күй құдіреті адам жанын тебірентіп, терең ойға сүңгітіп, сайын даланың сары самалы маңдайдан ескендей әсер қалдыратындығы сөзсіз. Солардың ішінде қобыздың қоңыр үнін айтсаңызшы. Тіпті теңеуге сөз таба алмайсыз. Қорқыттың заманынан қалған қобыздың күйі бүгінгі күнімізге азық, болашағымызға мұра болып отырғандығы да бар. Ал күй өнерін жаңғыртып, көрерменнің қошеметіне бөленіп жүрген өнерпаздардың өзі бір төбе. 


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында қобызшы Молықбай Байсақұлының 160 жылдық мерейтойына арналған облыстық қобызшылар байқауы өткен болатын. Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаздар Ақсу ауданында күй құдіретін шарықтатып, тыңдаушыларына зор қуаныш сыйлаған. Олардың арасында ауданымыздың қобызшы қызы Мадина Бөлегенова да болып, сайысқа қатысып, жүлдемен оралды. Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан халқымыздың асыл қазынасы қобыз тарту өнеріне бұл сайыс өріс ашты дейді Мадина. Алғашында видео онлайн арқылы таңдау жүріп, сонан соң іріктеу болған сайыстың мақсаты – Ақсу арыстарының бірі қобызшы Молықбай есімін облысқа кеңінен насихаттау, қобызшылардың орындаушылық шеберлігін арттыруға ықпал ету, жаңа өнер иелерін тауып, халық алдына шығару. Қатысушылардың сахналық мәдениетіне, орындаушылық шеберлігіне ерекше назар аударған бұл сайыста Мадина Ықылас Дүкенұлының «Аққу» күйін орындап, қазылардың жүрегіне жол тартқан көрінеді. Осылайша 20 ауданның ішінен топ жарып, бірінші орынды иеленіп, теледидар ұтып алған. Бұл қобызшы қызымыздың шабытын шарықтатып, өнерін өрге тағы бір мәрте жүзгізетін сайыс болған. Ендеше біз де өнерпазымызға жеңісің құтты болсын дейміз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АЛАМАН БИ МӘМБЕТҰЛЫ

Ата тарихын және шежіресін білу – әр ұр­пақтың парызы. «Жеті атасын білмеген же­тесіз» деп…