Басты бет Спорт САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

САНЖАР ӘДІЛОВ ММА-ДАН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

0
17
🇰🇿🥉 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ІЛЕ АУДАНЫНДА БЕС АЙҒА СОЗЫЛҒАН ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Бес айға созылған тартысты дода, 18 тур және 300-ге жуық спортшы. Іле ауданында футболдан …