Басты бет Таза Қазақстан «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

0
14

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудандық Ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы және Қоғамдық келісім және даму орталығы бірлесіп, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындарды туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Тазалық шарасы барысында мекеме қызметкерлері мен жастар белсенділері қоғамдық орындар мен көше бойларын қоқыстан тазартып, аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, айналаны таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екені кеңінен насихатталды.

Мұндай игі шаралар қоғамда экологиялық сана қалыптастырып қана қоймай, жастарды еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа және туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

Тазалық – мәдениеттің бастауы.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

“Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында Қалжат ауылдық округінде кезекті сенбілік ұйымдастыр…