Басты бет ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІС ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНЕ ШЫҚҚАН ҚАРИЯ

ТОҚСАННЫҢ ТӨРІНЕ ШЫҚҚАН ҚАРИЯ

0
15

         45 жыл көлік рулінде отырған Сайдулла Амутов қарияны Ақтам жұртының еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін жақсы таниды десем артық айтқаным бола қоймас. Ол биыл 90 жастың төріне шыққалы отыр. Сайдулла 6-7 жасқа толғанда әкесі елмен бірге соғысқа аттанады. Сол қан майданда опат болады. Еліне қайта оралмайды. Менің әкем Әділбек соғыс ардагері, жетім қалған баланың басынан сыйпап, өз балаларынан кем көрмей ер жеткізеді. Жаралы болып оралған әкем Сайдулла ағаны тәрбиелеп, мал шаруашылығына баулиды. Анасы сауыншы болып еңбек етті. Соғыстан кейінгі қиыншылықты жұртпен бірге көріп, баласын ел қатарына қосты.

Сайдулла аға 1936 жылы 2 тамызда Ақтам ауылында дүниеге келген. Жастайынан  қазақтармен бірге өсіп, ұйғыр тілімен қатпр қазақ тілін де жақсы меңгеріп алады. 1955-1958 жылдары әскерге шақырылып, Ресей елінде әскери міндетін абыроймен атқарып,  елге оралды. 1959 жылы Түргендегі механизатор даярлайтын курсты тамамдап, жүргізуші куәлігін алады. Шопыр тапшы кезеңде «Тельман» атындағы колхозда алғаш рет «Зис 150», «Полуторка», «Захарис» «Газик»   машиналарын жүргізіп, колхоздың ауыл шаруашылығы жұмысына белсене атсалысады. Кейінгі жылдары «Зил», «Газ-53» және колхозда жаңа «Газик-53» автобусын жүргізіп, жемісті еңбек етті. 15 жылдай колхоздың сиыр фермасында сауылған сүтті аудан орталығына жеткізіп отырды. 1980 жылдары № 1 ші  егіс бригадасын басқарды. Еткен еңбегінің жемісін де көрді. Көптеген марапаттарға ие болды. Тыл ардагерінің, Ұлы  жеңістің мерейтойлық мерекелік медальдарымен марапатталған жан. Аудандағы үздік жүргізуші деген атағы да бар.

Ауылымыздың қадірлі, сыйлы ақсақалы Амутов Сайдулла аға Анархан апа екеуі 6 бала өсірген бақытты шаңырақ иелері. Өкініштісі Анархан ананың өмірден өтіп кеткендігі. Құдай қосқан қосағының жоқтығын ұл-қыздары білдірмей, әкелерін алақандарына салып, әлпештеп, күтімін жасап отыр. Шүкір жарты ғасырға жуық еткен адал еңбегінің жемісін көрген салиқалы қария. Немере қолынан дәм татып, шөбере қызығын көрген қарияның басып өткен жолып бізге өнеге. Тоқсанға келген шағында ауылдағы шаралардан қалмай, ақ батасын беріп, төрімізде отырғанының өзі бір ғанибет. Тыл ардагері, соғыс ардагерінің ұлы Сайдуллам ақсақалға тағы да ұзақ ғұмыр тілейміз. Ауылымыздың берекесі де, мерекесі де осындай өнегелі қарттар.

 Әбіш КӨЖЕКБАЕВ

АҚТАМ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАҒАСЫ НЕМЕН ӨЛШЕНЕДІ?

Екінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан үшін сырттағы бір қақтығыс қана болған жоқ. Ол – елдің…