Басты бет Референдум Қазына қарттар таңдау жасады

Қазына қарттар таңдау жасады

0
13

 Шарын ауылындағы референдум учаскелерінде жұмыс қызу жүруде. Қай жағынан болса да алдыңғы орыннан көрінетін бұл ауылдың тұрғындары бүгінгі науқанға да белсенді қатысуда. Ауылдағы өздігінен учаскеге келіп дауыс бере алмайтын қариялардың үйін комиссия мүшелері тегіс аралап, таңдауларын жасатуда. Солардың қатарында жасы 90-нан асқан қарттар да бар.

Бүгінгі тарихи сәтте комиссия мүшелері ғасырға жуық өмір сүрген бірнеше қарияның үйіне бас сұқты. Солардың бірі – Доман Қызайбеков. 919 референдум учаскесі комиссия төрағасының орынбасары Фаиз Курбанов: «Мұндай қазыналы қарттарға бару, олардың таңдау жасауын көру біз үшін зор құрмет», — дейді. Доман ата бізді ерекше қуанышпен қарсы алды. Жасының келгеніне қарамастан мұндай саяси науқаннан қалыс қалуға болмайтынын да айтып қалды. «Бұл – еліміздің ертеңі үшін таңдау. Бұл – болашық ұрпағымыздың жақсы күндерде өмір сүруіне кепіл. Конституция – әр азаматтың құқығын ғана қорғап қоймай, осы мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде өмір сүруіне кепіл болатын басты құжат. Ал біз сондай құнды дүниеге таңдау жасарда бей-жай қарамауымыз керек. Мықты Ата Заң – мықты ел. Сондықтан әркім өз таңдауын жасауы керек», — дейді қария.

97 жасты еңсерген Садят Турсунова да өз таңдауын жасады. «Мен мемлекетіміздің, оның басында отырған президентіміздің әр бастамасына мұқият зер саламын. Жасым келді, дәуренім өтті деп ойламаймын. Мені ұл-қызымның, немере-шөберелерімнің болашағы алаңдатады. Біз талай қиындықты көрдік. Ал қазір менің балаларым білімді, заңмен қорғалған ортада өмір сүруде. Осының өзі зор қуаныш мен үшін. Өз өміріңді өзгенің қолына тапсырғың келмесе, таңдау жасау керек. Мен өзім ғана емес, әр баламның, жасы 18-ге толған немерелерімнің барлығының дауыс беруін таптап айтып отырамын», — деп ағынан жарылды. Әрі өз таңдауын жасады.

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Референдум – ел болашағы үшін маңызды таңдау 2026 жылдың 15 наурыз күні Қалжат ауылдық окр…