0
14

Ұйғыр ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ішіндегі көзі тірі жалғыз қария – жасы 103-ке таяған Алим  Кебиров бүгінгі республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Соғыс жылдарында майданға қатысып, елге аман оралған қария өмірінің кейінгі кезеңін еңбекпен өткізіп, ел дамуына өз үлесін қосқан. Зейнет жасына дейін түрлі салада адал қызмет етіп, қоғам өмірінен ешқашан шет қалған емес. Бүгінге дейін елімізде өткен маңызды саяси науқандардың бірде-бірінен қалмай, азаматтық белсенділігін танытып келеді. Бүгін Алим Кебиров Ұйғыр ауданының Бахар ауылында орналасқан №921 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді. Қария елде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерден үнемі хабардар екенін айтып, мемлекетіміздің дамуына бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді. Алим Кебировтың айтуынша, Конституция – мемлекеттің негізін айқындайтын басты құжат. Ол елдің тұрақтылығы мен болашағын қамтамасыз ететін маңызды тірек екенін атап өтті. Қария бейбіт өмірдің қадірін ерекше бағалайтынын айтып, бүгінгі тыныш заманның мәнін түсіну әрбір азамат үшін маңызды екенін жеткізді. Соғыс жылдарының қиын кезеңдерін еске алған ардагер қазіргі бейбіт өмірдің қадірін сақтап, ел бірлігін нығайту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, мемлекет дамуы үшін ең бастысы – халықтың ауызбіршілігі мен татулығы. Ғасыр жасаған қария жас ұрпаққа ақ батасын беріп, елдің амандығы мен тыныштығын тіледі. Сонымен қатар елімізде жүзеге асып жатқан оң өзгерістердің жалғасын тауып, мемлекетіміздің одан әрі өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі спортшы, спорт шебері Османов Рамиль Дилмуратович республикалық референдумға қатыс…