Мен үшін жаңа Конституцияны қолдау – елдің ертеңіне деген сенім мен жауапкершіліктің көрінісі. Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі, қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің басты өлшемі. Онда әр азаматтың құқығы мен бостандығы, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың басты қағидалары айқын көрсетіледі. Сондықтан мұндай маңызды құжаттың қабылдануы ел өміріндегі үлкен маңызға ие деп ойлаймын. Бүгінгі күні қоғам дамуы халықтың белсенді қатысуымен тығыз байланысты. Әр азаматтың өз ойын білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерге атсалысуы – мемлекетіміздің берік әрі біртұтас екенін көрсетеді. Халықтың пікірі ескеріліп, ортақ шешім қабылдануы – қоғамдағы сенім мен түсіністікті нығайтады. Бұл өз кезегінде елдің тұрақты дамуына негіз болады. Жаңа Конституция – тек заңдық құжат қана емес, ол халықтың үміті мен сенімін білдіретін маңызды қадам. Осындай құжат арқылы елдегі әділдік қағидалары нығайып, азаматтардың мүмкіндігі кеңейе түседі деп сенемін. Әр адамның құқығы қорғалып, қоғамда теңдік пен ашықтық қағидалары берік орнығады деген сенім бар. Еліміздің болашағы – бүгінгі бірлігіміз бен ортақ мақсатымызға байланысты. Сондықтан жаңа Конституцияны қолдау – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына бағытталған маңызды шешім деп есептеймін. Бірлік пен татулық сақталған жерде ғана еліміз өркендеп, келешек ұрпаққа берік мемлекет қалдыра аламыз.
Ұйғыр аудандық мансап орталығының маманы
Рыскелдіұлы Мақсат
