Басты бет Ата Заң Жаңа Конституцияны қолдау – еліміздің болашағына бейжай қарамау

Жаңа Конституцияны қолдау – еліміздің болашағына бейжай қарамау

0
131

Мен үшін жаңа Конституцияны қолдау – еліміздің болашағына бейжай қарамау деген сөз. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ол әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайды. Сонымен қатар елдің қалай дамитынын айқындайтын маңызды құжат.

Бүгінде елге қатысты маңызды мәселелер халықтың пікірін ескере отырып талқыланып жатқаны – өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Себебі әр азамат өз ойын айтып, ел тағдырына қатысты шешімдерге қатыса алуы маңызды.

Жаңа Конституцияны қолдау – бұл тек бір құжатты қабылдау емес. Бұл – әділ қоғам құруға, еліміздің тұрақты дамуына және әр адамның мүмкіндігін арттыруға бағытталған қадам.

Сондықтан әрқайсымыз ел болашағына бейжай қарамай, ортақ іске өз үлесімізді қосуымыз керек деп есептеймін. Бірлік пен татулық болған жерде ғана еліміздің болашағы жарқын болады деп сенемін.

Джалилова Зиляхам
Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Аудандық Аналар кеңесінің мүшесі, «Ұйғыр аудандық ұйғыр этномәдени орталығы» ҚБ-нің жанындағы «Нурани Аналар» кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ХӘЛИҚ МӘНПӘИТИ КӨЗДӘ ТУТУЛҒАН

ХХІ әсир – аләмшумул өзгиришләрниң дәври. Заман тәрәққиятиға маслишип өмүр сүрүш үчүн бизм…