Конституция – мемлекет өмірінің негізгі бағытын айқындайтын, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған басты құжат. Сондықтан мұндай маңызды мәселеге халықтың қатысуы – жауапкершіліктің белгісі деп ойлаймын.
Референдумға қатысу арқылы біз еліміздің тұрақтылығы мен болашағына өз үлесімізді қоса аламыз. Әр адамның дауысы – маңызды. Өйткені мемлекет дамуы халықтың белсенділігі мен бірлігіне тікелей байланысты.
Сондықтан барша азаматтарды референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын. Ел болашағы әрқайсымыздың қолымызда.
Қоғамдық келісім және даму орталығы КММ Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы Асқар Қайратұлы
