Басты бет Әр қилы САПА МЕН УАҚЫТ – БАСТЫ НАЗАРДА

САПА МЕН УАҚЫТ – БАСТЫ НАЗАРДА

0
42

Әлеуметтік маңызы бар құрылыстар ауданда партияның қатаң бақылауында десек артық айтқандық болмас. Жақында ғана аудан орталығында құрылысы тұралап қалған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қайта жасақтау жұмысына көлемді түрде тексеру жүргізілді. Бақылау тобының мүшелері бұл құрылыс жұмыстарының жобада көрсетілген талапқа сай іске асып жатқандығына көздерін жеткізді.

Бағасы 1 млрд. теңгеге бағаланған бұл кешеннің құрылысы 2019 жылы басталғандығын бәріміз жақсы білеміз. Екі жылдың ішінде ол  пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ жұмыстың сапасыз жүргізілу себебінен 2020 жылдың қыркүйек айында металлқұрылымы құлап, жұмыс аяқталмай тоқтап қалды. Оның себеп-салдарын сол кезде жасақталған комиссия анықтап, шешім шығарған болатын. Бас мердігер «Лидер-НК» ЖШС өзінің міндетіне алынған шаруаны бітіріп береміз деген уәдемен біраз уақытты өткізіп алды. Бірақ діттеген мақсат іске аспады, сот арқылы біраз отырыстар өзінің нақты нәтижесін бермеді.

Енді міне бес-алты жыл уақыт өтіп кетсе де, қолға алынған құрылыс өзінің жұмысын қайта жаңғыртты. Ендігәрі ол партиялық қатаң бақылауда болатындығына сеніміміз мол.

Жұмысшы тобының құрамына аудандық «Аманат» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы, аудандық мәслихаттың депутаты Алимжан Тохтиев және құрылысқа жауапты бөлімдердің мамандары кірді. Ендігі мақсат – құрылыс жұмысының барысын атүсті қарау немесе сылап, сипап өту емес, әр шегенің дұрыс қағылуы мен материалдардың орынды жұмсалуын қадағалау.

Халық қалаулылары мен партия белсенділері құрылыстың ұсақ-түйектеріне дейін мән берді. Материалдардың сапасы мен жұмыстың тиімді орындалып жатқандығын, жұмыс уақытының тиімді қойылуы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, жобалық-сметалық құжатта көрсетілген ережелердің қатаң сақталуына да мән берілді. Барлығы талапқа сай деуге келе қоймас, көздері көрген кемшіліктерді құрылысшыларға көрсетіп, қысқа мерзім ішінде жөндеуге ұсыныс жасалды. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Болатұлы айтқандай бұл құрылыс жоғары әлеуметтік маңызға ие. Сондықтан ендігі жерде оның құрылысының талапқа сай болмауы бәрімізге сын, – деді.

– Бұл кешен аудан жұртшылығының саламатты өмір салтын ұстанып, денсаулықтарын жақсарту үшін таптырмас орын болайын деп тұр. Егер іске қосылса жастар да, жалпы аудан тұрғындары да бір мезгіл спортпен кәсіби түрде айналысуларына мүмкіндік туады деген сөз. Сондықтан кешеннің сапалы жасалып, аудан халқына қызмет етуіне бәріміз атсалысайық, – деді.

Бұл партиялық бақылау бір реттік емес, тұрақты жүргізілетіндігін жеткізді бақылау тобының мүшелері. Әлеуметтік маңызы бар құрылыстар сапалы жүзеге асып, аудан тұрғындарына қызмет етулері тиіс екендігін ұқтырды партия белсенділері.

Әсел МҰҚАШЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҒЫЛЫМИ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРКІНДІК — ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ НЕ ҰСЫНАДЫ

Жаңа Конституция жобасында ғылыми, техникалық және шығармашылық еркіндіктің бекітілуі елді…