Биыл еліміздің негізгі құқықтық құжаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған Ата Заң – мемлекетіміздіңтәуелсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз еткен тарихи құжат. Ата Заң – ел дамуының негізі. Конституция қабылданған сәттен бастап Қазақстанның саяси жүйесі мен мемлекеттік басқару құрылымының айқын құқықтық негіздері қаланды. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, билік тармақтарының бөлінісі, заң үстемдігі қағидалары бекітілген. Ата Заңның бірінші бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілуі – еліміздің басты құндылықтарын айқындайды.
Тәуелсіздіктің кепілі Конституция тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның даму бағытын айқындап, елдегі бейбітшілік пен келісімнің, тұрақтылықтың берік іргетасына айналды. Жылдар бойы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қоғам дамуының жаңа талаптарына жауап беріп, азаматтардың ел басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтті. 30 жылдықтың мәні зор. Биылғы мерейлі күн – Қазақстан халқының ортақ мерекесі. Конституция күнін атап өту – тәуелсіздігімізді қастерлеу, мемлекетіміздің негізгі заңының маңызын айқындау. Бұл мерейтой халықтың бірлігі мен елдік мұраттарын жаңғыртуға жол ашады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің егемендігін нығайтқан, демократиялық даму жолын айқындаған тарихи құжат. Оның 30 жылдық мерейтойы – мемлекетіміздің заңға негізделген іргетасының мықтылығын көрсететін айтулы оқиға.
АУДАН БОЙЫНША КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ
