Басты бет Спорт ШАХМАТ – ОЙЛЫЛАРДЫҢ ОЙЫНЫ

ШАХМАТ – ОЙЛЫЛАРДЫҢ ОЙЫНЫ

0
414

Әлемде шахмат – ақыл-ойды ­дамытатын спорт түрі болып саналады. Ежелден жеткен аңыздарға сүйенсек, шахматты алғаш болып біздің заманымызға дейінгі мың жыл бұрын үндістандық математик ойлап тапқан деседі. Шахмат сөзінің мағынасы патша (шах) өлді (мат) дегенді білдіреді.
«Ең әсерлі білім – сені жеңе алатын бәсекелеспен шахмат ойнау» деп америкалық публицист Ричард Бах айтпақшы, адамның бәсекеге қабілеттілік қасиетінің дамуына шахматтың пайдасы көп. Тіпті, әлемдегі ел басқарған айтулы сая­саткерлер шахмат ойнап, табысқа жете білген. Бұл аңыз шындыққа жанасады. Тақтасы 64 шаршыдан тұратын шахматтың бір патша, бір уәзір, екі піл, екі ат, екі тура және сегіз пешка пішініне қарап-ақ пайымдауға болады.

Осындай әлемдік деңгейде насихатталып жүрген шахмат ойынын біздің ауданда да тамаша ойнайтындар көптеп саналады. Апта басында аудан орталығында мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан сайыс өтті. Оның ұйытқысы болған «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Е.Нұрсейітов. Жарысқа шахмат федерациясы аудандық филиалының бас төрағасы Т.Қадыров төрелік етті. Шахмат ойынына уақыт пен ойлау аса қажет. Әркім өз қарсыласын шаң қаптырғысы келеді. Тартысты өткен сайыста аудан әкімшілігінің «Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі» бөлімінің маманы Р.Исмаилов бас жүлдені қанжығасына байлады. Екінші орынды Үлкен Ақсу ауылдық округінің маманы Р.Юсупов иеленсе, үшінші орынды Сүмбе және Қалжат ауылдық округтерінен келген У.Еділ мен Д.Баратов өзара бөлісті.

Дәл осы күні зейнеткерлер арасында да шахматтан жарыс ұйымдастырылды. Оған аудан көлемінде ардагерлер, кезінде лауазымды қызмет атқарған тұлғалар қатысты. Тиірмен, Ақтам, Ават, Үлкен Ақсу, Бахар, Шонжы ауылдық округінен де жеңімпаз атанамыз деген ниеттегі қариялар келді. Жарыс қорытындысында шонжылық А.Сайдуллаев бас бәйгені жеңіп алды. Тиірмендік Я.Ушуров екінші, шонжылық О.Гаппаров үшінші орынға табан тіреді. Барлық жеңімпаздар ардагерлер ұйымы атынан «Алғыс хатқа» ие болысты.

Ауылдан келген ақсақалдармен бірге шонжылықтар түскі асқа барды. Әңгіме-дүкен құрып, қауқылдасып, осындай жарыстардың жиі өткізілуін сұрады ұйым басшылығынан. Шахмат – ойлылардың ойыны десек, ойлы қариялар мен жастарымыз көп болғай деген ниетте болғанымыз рас.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Телеканалы «Qazaqstan» и «Qazsport» покажут бой Жанибека Алимханулы в прямом эфире

7 декабря 2025 года чемпион мира в среднем весе по версиям WBO и IBF Жанибек Алимханулы пр…