Басты бет Спорт ҰСТАЗДАР ТҮСТІ ЖАРЫСҚА

ҰСТАЗДАР ТҮСТІ ЖАРЫСҚА

0
390

Оқу жылының соңғы күндері Алматы облысы Оқу-ағарту және бюджеттік қызметкерлердің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Кәрібай Қожағұлдың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында спорттың алты түрінен аудандық спартакиада өтті. Спартакиадаға аудандық білім беру мекемелерінен он сегіз команда қатысты. Білім қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын насихаттап, спортты дәріптеу мақсатында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен дода өте тартысты болды. Мұғалімдер бір сәт миларын тынықтырып, денелерін шынықтырып, мәз-мейрам күйге түсті. Кәсіподақ мүшелері арасындағы бұл спартакиаданың мақсаты – кәсіподақ мүшелері арасында достық қарым-қатынасты нығайту, саламатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ мүшелерін спорттық ойындарға тарту тұрғысында ұйымдастырылғандығын тіліне тиек еткен Кәрібай Ізбасарұлы командаларға сәт сапар тіледі.

Спартакиаданың қорытындысында спорттың жеке түрлері бойынша жеңімпаздар анықталды. Волейболдан (ерлер арасында) – I орынды И.Бахтия атындағы №3 орта мектебінің командасы қанжығаларына байласа, екінші орынды Ғ.Садвакасов атындағы орта мектептің командасы иеленді, үшінші орын тиірмендіктерге бұйырды. Волейболдан (қыздар арасында) Добын орта мектебінің командасы бас жүлдеге ие болды. Екінші орынға Розыбакиев атындағы орта мектеп командасы ие болды. Мини футболдан  I орынды №1 Шонжы мектеп-лицейі, екінші орынды дардамтылықтар, үшінші орын Ардолайты командалары өзара бөлісті. Тоғызқұмалақтан Батталханов атындағы орта мектебінің командасы оқ бойы озық шығып, бас бәйгені қанжығаларына байлады. Екінші орын Ақтамның командасына, үшінші орын балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының командасына бұйырды. Асық атудан бірінші орынды Шошанай командасы жеңіп алса, екінші орынды Добын орта мектебі иеленді. Бес асықтан  I орынды иеленген Ақтам орта мектебінің мұғалімдері ешкімге дес бермеді.

Жарыста жеңгендер мен жеңілгендер болатындығы заңдылық. Спартакиаданың қорытынды сөзін алып, өзінің ақжарма тілегін ақтарған кәсіподақ көшбасшысы Кәрібай Қожағұл жылдағы дәстүрдің биыл да жалғасын тауып, білімнен ғана емес спорттан да өздерінің мықтылығын дәлелдеген мұғалімдерге сый-сияпаты мен арнайы дипломдарын табыс етті.

(ӨЗ ТІЛШІМІЗ)

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан халықаралық жарыстар басталды

Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының Уфа қаласында өрт сөндіру-құтқару спортынан …