Ұйғыр ауданына қарасты Дардамты ауылдық кітапханасында Республика күніне орай «Саған кітап арнадым» акциясы ұйымдастырылды. Аталған бастама оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Акция аясында кітапхана қызметкерлері оқырмандарды кітап оқуға шақырып, кітаптың адам өміріндегі маңызы мен рухани дамуға қосар үлесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кітап – адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған білімі мен …